Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Саясат
ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен мәжіліс сайлауының ресми қорытындысын жариялады.  Мәжілістегі депутаттық манданттар: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына - 10 мандат алыпты. Яғни, Қазақстан Халық партиясына 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған. Осылайша, "Ауыл" мен "Адал" бұл сайлауда аутсайдер партиялар болып қалды. Дегенмен, бұл партияның өкілдері жеңілгендеріне қапаланып отырған жоқ. Қайта жеңімпаз партияның жеңісіне қуанышты екендерін айтып, құттықтап тастады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу