freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменді түтін басып, тұрғындарға ескерту жасалды

Экология •
Өскеменді түтін басып, тұрғындарға ескерту жасалды

Өскеменде экологиялық ахуал нашарлап, аспанды қою түтін басты.

Бұған ылғалдың жоғары болуы, түнгі жауын-шашын мен температураның күрт өзгеруі себеп болып отыр. Бұл туралы ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.

— Тұман салдарынан жүргізушілерге жол дұрыс көрінбейді. Сондай-ақ автокөліктер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын қалдықтардың бір жерде шоғырлану деңгейі артуы мүмкін, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, 23 қазанда шаһар бойынша 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланған.

ШҚО Экология департаментінің мамандары ауа сапасына аспаптық өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше өндіріс орнына жолға шықты.

Фото: kazinform.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу