«AMANAT»: түркістандық дәрігерлерге сайлауалды бағдарлама таныстырылды
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Түркістандағы қалалық емхана ұжымымен кездесті.

Аталған іс шараға штаб мүшесі Жандос Әзімбай, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Инара Намазбаева, Сәуле Дәулеталина, Жанар Темірбекова, сонымен қатар, партияның қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен Нұрсұлтан Жүсіпбаев қатысып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
- Біздің партияның мақсаты - халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін тұрғындардың ұсыныс-тілектері бойынша 10 негізгі бағыттан тұратын сайлауалды бағдарлама құрылған. Соның ішінде денсаулық сақтау саласын дамытып, медицина мамандарының мәртебесі мен табысын арттыру жоспары да бар, - деді кездесуде сөз алған Жанар Темірбекова.
Сондай-ақ, штаб мүшесі Жандос Әзімбай сайлаушыларға «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіріп, жеңілдетілген несиенің кімдерге, қалай берілетінін атап өтті. Тиісінше, ұжым қызметкерлері тарабынан да сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Кездесу соңында штаб мүшелері алдағы сайлаудың мән-маңызына тоқталып, тұрғындарды дауыс беруге және «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды. Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.