АҚШ Орталық Азияда мүмкіндіктерін арттыруға ұмтылады

Malim Админ

  • 14.06.2021

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығаруына байланысты Қазақстанмен келіссөздер жүргізіп жатыр.

АҚШ-тың Ауғанстандағы бейбітшілік пен келісім бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад Қазақстанға жасаған сапарының мақсаты жөнінде айтты. Оның сөзінше, Ақ үй Ауғанстаннан әскерін шығаруына байланысты Қазақстанмен және аймақтағы өзге де мемлекеттермен келіссөздер жүргізуде.

«Біздің әскеріміз Ауғанстаннан шығарылады. Бірақ терроризммен күрес, экономика және гуманитарлық байланыстар бойынша аймақтағы елдермен келіссөздер жүргізудеміз. Оның ішінде Қазақстан да бар. Қазір нақты айтатын жаңалық жоқ. Бірақ келіссөздер алдыға жылжуда», - деді Халилзад.

Бұдан бөлек, Халилзад АҚШ өзінің қауіпсіздігі үшін Орталық Азиядағы мүмкіндіктерін арттыруға ұмытылатынын айтты.

«Біз, АҚШ, өзіміздің ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін аймақта бірқатар мүмкіндіктерге ие болу үшін ұмытылатын боламыз. Әрине аймақ елдерімен ортақ терроризммен күрес, экономика, аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілік салалары бойынша бірлесіп жұрыс істейміз», - деді АҚШ өкілі.

АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығару операциясын 2021 жылдың 11 қыркүйегінде аяқтайды.

Бүған дейін RT АҚШ әлемнің 20 еліне 240 миллион долларға әскери база салмақ. Оның ішінде Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан бар екендігін айтқан.

Кейннен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Ресей телеарнасы таратқан ақпаратқа жауап берген. Онда Вашингтонның Қазақстанға әскер кіргізуге байланысты ешқандай жоспары жоқ екендігі айтылған.

«АҚШ үкіметі келісімдер жөніндегі конкурстардың қорытындысын ашық жариялайды. RT жариялаған ақпарат АҚШ қорғаныс министрлігінің тендерлерін нақты көрсетпеген. Қазақстанға әскер кіргізеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген жауапта.

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді