АҚШ пен Өзбекстан келісімге келді

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 13.09.2021

АҚШ Өзбекстанға қашып барған Ауғанстан ұшқыштарын алып кететін болды. Бұл жөнінде «Wall Street Journal» басылымы хабарлады.

Басымыл мәліметінше, Джо Байден әкімшілігі ресми Ташкентпен Өзбекстанға қашып барған ауған ұшқыштарын ел аумағынан алып кетуге байланысты келісімге келген. Келісім бойынша, АҚШ ұшқыштарды Катардағы әскери базасына орналастырмақ.

«Wall Street Journal» жариялаған материалда Кабулдағы билікті күшпен басып алған «Талибан» қозғалысының ресми Ташкентке Өзбекстанға қашып барған ауған ұшқыштары мен ұшақтарын қайтаруды талап етіп жатқаны жөнінде айтылған.

Бұған дейін, Өзбекстан билігі АҚШ-тан қашып келген ауған ұшқыштары мәселесін тез арада шешуді сұраған. Ресми Ташкент тәліптермен арадағы қарым-қатынасын шиеленістіргісі келмейді.

АҚШ Өзбекстан ұшқыштарды Ауғанстанға қайтарса тәліптер оларды өлтіруі мүмкін деп қауіптенеді. Себебі Ашраф Ғани билігі кезінде дәл осы ұшқыштар «Талибанға» қарсы соғысқан.

Тамыздың 15-і күні «Талибан» қозғалысы Кабулды соғыссыз алған. Оның алдында ел президенті Ашраф Ғани елден кеткен. Қазіргі уақытта Ауғанстан аумағын толықтай тәліптердің бақылауына өткен.

Фото: media-v.ru

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті