Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап бергенге сыйақы тағайындалады

Сабина Асқарқызы

  • 15.02.2025

Бұрынғы Ақтау әкімінің орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланып, оның орналасқан жері туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындалады, деп хабарлайды Malim.kz.  

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, ол аса ірі көлемде қылмыстық іс қозғау мәселесін оң шешу үшін мемлекеттік қызметшілерге пара беруге үгіттегені және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Атап айтқанда, «Тиолайн» ЖШС-ін басқарған кезеңде Долгалев В.И пен басқа да құрылтайшылар арасында «Обуховское» кен орнына қатысу үлесі мен оның табысын бөлуге байланысты келіспеушіліктер туындаған, олар сот арқылы шешілген.

 Өз кезегінде Долгалев В.И. Сәдуақасов Т.Х. арқылы құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларын белгілі бір компания құрылтайшыларына қарсы қылмыстық іс қозғау үшін пара беріп сатып алуға тырысты.

Бұл олардың заңды талаптарынан бас тартуына және оларға қысым көрсетуге бағытталған әрекет болды. Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті «Тиолайн» ЖШС-нің «Обуховское» кен орнында өз бетінше пайдалы қазбалар өндіру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

 Қазіргі уақытта іс сотта қаралуда. Осыған байланысты Сәдуақасов Т.Х. бастапқыда шығарылған ақтау үкімінің күші жойылғаннан кейін соттан жасырынды.

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

19.03.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысы қашан шығатыны белгілі болды

06.03.2025

Нығматулинді не үшін іздеп жатқаны белгілі болды

03.03.2025

Нығматулинге іздеу жарияланды

03.03.2025

Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

20.02.2025

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу қашан аяқталады

19.02.2025
MalimBlocks
Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысы қашан шығатыны белгілі болды

Нығматулинді не үшін іздеп жатқаны белгілі болды

Нығматулинге іздеу жарияланды

Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу қашан аяқталады