Ақтөбеде мұнайшылар жұмысқа шығудан бас тартуда

Malim Админ

  • 25.01.2021

«КМК Мұнай» компаниясының жұмысшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

Әлеуметтік желі арқылы тараған видео үндеуде мұнайшылар жалақыларын көтеруді талап етеді.

«Біз Ақтөбе облысы Темір ауданында орналасқан «КМК Мұнай» компаниясының қарапайым жұмысшыларымыз. Біз адал еңбегімізбен тауып отырған жалақымызды 100 пайызға өсіруді сұраймыз. Қаңтардың 12-і күні біз «КМК Мұнай» және облыс басшылығына үндеу жасадық, бірақ олар біздің талаптарымызды орындағылары келмейді», - дейді мұнайшылар бейнеүндеуде.

Мұнайшылардың сөзінше, жұмысшылардың жалақысын өсіруге компанияның экономикалық мүмкіндіктері жеткілікті.

«Біздің компаниямыз Ақтөбе олысындағы көшбасшы мекемелердің бірі. Біз жыл сайын жоспарды артығымен орындаймыз. Бірақ, жалақымыз өзге компаниялармен салыстырғанда өте төмен. Пандемия уақытында азық-түлік бағасы бірнеше есеге қымбаттады. Айлығымыз не несиеге, не азық-түлікке жетпейді. Өзіңіз білетіндей, Ақтөбе облысының мұнайшылары ең төменгі жалақыны алады. Ол мұғалім, дәрігер және зейнеткерлердікінен де аз. Осы мәселені шешуіңізді сұраймыз. Біз қаңтардың 25-інен бастап жұмысқа шықпаймыз деп шештік. Құрметті ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз сізден ұжымдық мәселемізді шешіп, компанияға тексеріс жіберуіңізді сұраймыз», - дейді жұмысшылар.

«КМК Мұнай» акциясы Панамада тіркелген «Yukon Energy Holding S.A» және қытайлық «СНПС – Ақтөбе мұнай газ» компанияларына тиесілі.

Байланысты жаналықтар

Астананы шулатқан  мұнайшылар жұмысқа оралды

14.05.2023

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

05.05.2023

Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге қысым жасамауды тапсырды

27.04.2023

Жолдаудағы міндеттер шаһарлардың шырайын ашады

10.04.2023

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

09.02.2023
MalimBlocks
Астананы шулатқан  мұнайшылар жұмысқа оралды

Жұмыс 1 сәуірде басталуы керек болатын

«Самұрық-Қазына» басшы әйелдерді көбейтпек

«Самұрық-Қазына» тобындағы басшылық лауазымдардың үштен бірін әйелдер атқармақ.

Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге қысым жасамауды тапсырды

Бұл пікір енді оңалып келе жатқан тілдік ахуалға қалай әсер етеді?

Жолдаудағы міндеттер шаһарлардың шырайын ашады

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге көтеру туралы шешім қабылданды

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

Елдегі ерінбегеннің бәрі депутат болудан дәмелі