Астанада Euronews Орталық Азия хабы ашылады

Қажетті құжатқа қол қойылды

Malim Админ

  • 15.08.2024

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Брюссельде Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвидпен жолықты. Кездесу барысында Астанада Euronews Орталық Азия хабының өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Біз үшін бұл Қазақстанды әлемге қайта таныстыруға керемет мүмкіндіктер ашатын маңызды оқиға. Қазақстан — ұлы көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері ғана емес ең бай мәдени және тарихи мұрасы, тамаша табиғаты, танымал адамдары бар мемлекет. Қазақстан — бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың озық идеялары негізінде бұрын-соңды болмаған өзгерістерімен қалыптасқан заманауи әлемнің бір бөлігі. Қазақстан — өркениетті әлеммен өзінің қайталанбас рухани-мәдени мұрасы және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бөлісуге ғана емес, бейбітшілік үшін жан жүрегін беруге дайын мемлекет. Сондықтан мен Euronews командасының Қазақстан туралы бүкіл әлемге еліміздің жүрегі — әсем Астанадан хабар тарататынына өте қуаныштымын!» — деді Аида Балаева кездесуде.

Жуырда Euronews қазақ өнері, мәдениеті мен өмір салты туралы modern nomads телешоуын, іскерлік және экономикалық оқиғаларды, «Орталық Азиядан шыққан дауыстарды» — белгілі қайраткерлерімен сұхбаттарды, «Шығыс пен Батыстың байланысы» бағдарламасын, түрлі репортаждар көрсетуді жоспарлап отыр. Мұнан бөлек, отандық БАҚ және баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін шеберлік сабақтарын өткізбек.

«Бұл Қазақстан үшін де, Euronews үшін де өте маңызды қадам. Мен қазақстандық тараптан бұл Астанада хаб құратын алғашқы ірі халықаралық жаңалықтар ойыншысы екенін түсінемін. Бұл елдің әлемге қаншалықты ашық екенін көрсетеді. Euronews тұрғысынан біздің шығысқа қарай қанат жайуымыз. Қазақстан Еуразия құрлығының орталығы және біздің Еуропа елдерінде ғана емес, континенттен тыс жерлерде бар екенімізді көрсетеді. Біз бүкіл әлем бойынша 1,2 миллиард көрермені бар арнамыз, сондай-ақ Орталық Азияда хабар тарату біраздан бері жоспарланған болатын», — деді Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвид.

Euronews қыркүйек айында Астанада өтеті Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ақпараттық серіктесі болу туралы бастама көтерді. 

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

24.04.2025

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

26.03.2025

Министрлік «EL ARNA» телеарнасын жауып, «Хабармен» біріктіреді

11.03.2025
MalimBlocks
Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясына қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді

Министрлік «EL ARNA» телеарнасын жауып, «Хабармен» біріктіреді