Бас прокуратура митинг өткізуге қатысты үндеу жасады

Кез келген қызметіне тыйым салынғанын ескертті

Malim Админ

  • 18.11.2022

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев заңсыз митинг өткізуге қатысты үндеу жасады.

Үндеуде прокуратура өкілі әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 2022 жылғы 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары таратылып жатқанын, терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын ескертті.  

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (5-баптың 6-тармағы, 14-баптың 1-тармағының 2-тармақшасы, бұдан әрі - Заң) олардың осындай акцияларды ұйымдастыруына жол бермеу бекітілген. Егер акциялар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, басқа да қылмыстық әрекеттер жасауға бағытталған болса, оларды жүргізуге де жол берілмейді (Заңның 14-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы). Бұл бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттарының бірі - олардың зорлық-зомбылықсыз сипаты мен заңдылығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге байланысты (Заңның 3-бабы). Аталған заңсыз әрекеттерді жасаумен ұштасқан тыйым салынған ұйымдардың шақырулары, ұйымдастыруы және олармен ұйымдастырылған акцияларға қатысқаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚК-нің 179-бабы (билікті күштеп басып алуға шақыру), 405-бабы (сот тыйым салған ұйымдардың қызметіне қатысу)) көзделген. Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын адамдарға заңда көзделген шараларды қабылдайды және кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кеседі»,-деді ол.  

Өмірәлиев күні кеше, 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті  прокуратура органдарымен бірге 7 адамнан тұратын қылмыстық топқа тосқауыл қойылғанын мәлімдеді.

Бас прокуратура азаматтарды сот тыйым салған ұйымдар мен олардың артында тұрған адамдардың арандатуына ермеуді, олардың заңсыз әрекеттеріне қатысудан бас тартуды және заңды  сақтауды алдын ала ескертетінін жеткізді.  

Байланысты жаналықтар

«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

20.03.2023

Сот Арман Шораевты кінәлі деп тапты 

14.03.2023

Түркістан облысының прокуроры кабинетінде көз жұмды

09.03.2023

За снижение пенсионного возраста женщин митингуют в Казахстане

07.03.2023

Сұлтан Хан Жүсіп Мәжіліске кандидат болып қайта тіркелді 

02.03.2023

Орал қаласында балабақша көбейеді

22.02.2023
MalimBlocks
«BAQYLA» қозғалысы сайлауды 25 қалада бақылады

Республика бойынша 25 қала мен елді-мекенді қамтылды.

Сот Арман Шораевты кінәлі деп тапты 

Ол сот шешімімен келіспейтінін айтты

Түркістан облысының прокуроры кабинетінде көз жұмды

Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады

За снижение пенсионного возраста женщин митингуют в Казахстане

Несколько мирных протестных акций, санкционированные властями, запланировали участницы «Движения женщин Казахстана за снижение пенсионного возраста в 58 лет».

Сұлтан Хан Жүсіп Мәжіліске кандидат болып қайта тіркелді 

Сайлау комиссиясы қателігін түзетті

Орал қаласында балабақша көбейеді

Үміткерлер бұл жолы жиын өткізбей, әрбір бутикті аралап, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.