Болат Назарбаев акцияларын мемлекетке қайтара ма?!

Келісімшарт бойынша ешқандай міндеттемелерді орындамаған

Malim Админ

  • 16.03.2023

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Болат Назарбаевты  акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттеді.  Бұл іс Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызы бойынша жүргізілген.  Назарбаевпен бірге  PLS-TM ЖШС  Алматы ауыр машина жасау зауытының акциялары да қайтарылмақ.   

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1998 жылы «АМЖЗ» АҚ-ның жарғылық капиталының 31,9 пайызы көлеміндегі акцияларының мемлекеттік пакетін тендер жеңімпазы – «Темір Кон» ЖШС-не 105,3 миллион теңгеге сатқан. Сатып алу-сату шартына сәйкес, жаңа иеленуші зауыттың профилін сақтап, өнім көлемін көбейту керек еді.

2007 жылы «Темір Кон» ЖШС "АМЖЗ" АҚ акцияларының 86,78 пайызын, оның ішінде мемлекеттік үлесінің 31,9 пайызын Болат Назарбаевқа сатты. 2009 жылы «Фирма Баяу» ЖШС зауыттың материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлықсыз жағдайда, өндірістік көрсеткіштер төмендеп, мүлік кешені мен жер ыдырап жатыр, ғимараттар мен құрылыстар жалға немесе үшінші тұлғаларға сатылып жатыр деген қорытындыға келді, бұл -міндеттемелерді орындамау. 2009 жылы Болат Назарбаев келісімшарт бойынша ешқандай міндеттемелерді орындамай, PLS-TM ЖШС-нің басқа да акцияларымен бірге мемлекетке тиесілі үлесті сатқан.  

«Мемлекеттік акциялар пакетінің иесі бола отырып, Болат Назарбаев бірінші шарттың ерекше талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Болат Назарбаевтың зауыт қызметінің бейінін сақтау, өндіріс көлемін ұлғайту, PLS-ТМ ЖШС-мен шарт жасасқанда қауіпсіздік стандарттарын орындау жөніндегі міндеттемелері тоқтатылған жоқ. Болат Назарбаев даулы акцияларды жаңа сатып алушыға өз міндеттемелерін бермей иеліктен шығаруға құқылы емес еді», - делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес, түрлі сот органдары бұл істі бірнеше рет қараған. 2011 жылғы ақпанда Комитет берген талап-арызды Алматы Әуезов ауданының №2 соты қанағаттандырды. Алматы қалалық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқалары бұл шешімді қолдаған. Алайда, 2012 жылы Жоғарғы Соттың сот алқасы шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа қайта қарауға жіберді. Бұл жолы Алматы Әуезов ауданының №2 аудандық соты Комитетке талапты қанағаттандырудан бас тартты. Шешімді Алматы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы растады. Алайда биыл Бас прокурор бұл шешімді даулау туралы шешім қабылдады.

Болат Назарбаев та, мемлекеттік мүлік комитетінің өкілдері де сот отырысына келмеген. Бас прокурордың дәлелдерін зерделегеннен кейін Жоғарғы сот алқасы даулы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау үшін айрықша негіздер бар деген қорытындыға келді.

Жоғарғы Сот Бас прокурордың наразылығын қанағаттандырып, Алматы сотының 2012 жылғы шешімін жойды.

«Болат Назарбаев пен PLS-ТМ ЖШС арасында жарғылық қордың 31,9 пайызы» Алматы ауыр машина жасау зауыты»  АҚ-ның жай атаулы акцияларын сату бөлігінде жасалған 2009 жылғы 2 сәуірдегі бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Тараптарды бастапқы қалыпқа келтіру керек. Болат Назарбаевқа "АМЖЗ" АҚ-ның қарапайым атаулы акцияларын зауыттың жарғылық капиталының 31,9 пайызы мөлшерінде мемлекет меншігіне қайтаруға міндеттелсін», - деп жазылған қаулыда.  

Оқи отырыңыз: Болат Назарбаев ауырмапты. Тұсау кесіп жүр

 

Байланысты жаналықтар

Әйелі Карина Мамашты ұрды деп айыпталған экс-дипломаттың ісі қай сатыда? Прокуратура жауабы

12.11.2024

Қомақты ақша жымқырған күдікті Швециядан экстрадицияланды

09.11.2024

Бурабайда серіктестік жұрттың 10 мың гектар жерін сатып жіберген

02.11.2024

Шымкенттегі ауқымды сенбілікте 8 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды

26.10.2024

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды

13.10.2024

«Техника жеткіліксіз, маман жоқ». СҚО-да орман заңын бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

10.10.2024
MalimBlocks
Әйелі Карина Мамашты ұрды деп айыпталған экс-дипломаттың ісі қай сатыда? Прокуратура жауабы

Түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады

Қомақты ақша жымқырған күдікті Швециядан экстрадицияланды

Ол жұрттың 57 млн теңгесін қолды қылған

Бурабайда серіктестік жұрттың 10 мың гектар жерін сатып жіберген

Прокурорлар 400-ден астам үлескердің құқын қорғап қалды

Шымкенттегі ауқымды сенбілікте 8 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды

Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды

Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі – Мүмкіндігі шектеулі жандар күні

«Техника жеткіліксіз, маман жоқ». СҚО-да орман заңын бұзған шенеуніктер жауапқа тартылды

Облыстағы орман мекемелерінің ешбірінде өртті ерте анықтау жүйесі жоқ