Британдық басылым: "Қазақмыс" Мәсімовтің отбасын Парижде қыдыртты

Malim Админ

  • 10.09.2020

Британдық Financial Times басылымының жазуынша, Кәрім Мәсімов үкімет жетекшісі қызметін атқарған кезде "Қазақмыс" оның отбасын  Парижге жекеменшік ұшақпен жеткізіп, Франциядағы сапарын ұйымдастырған. Компания Мәсімовтің отбасын аса қымбат George V қонақ үйіне тұрғызып, Диснейлендте қыдыртқан. Ұлыбританияның ірі алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (Serious Fraud Office) бұл істі тексере бастаған.

FT-дің жазуынша, 2011 жылы қазақ диссиденттерінің бірі сол кездегі үкіет жетекшісі Кәрім Мәсімов пен "Қазақмыс" қызметкерлерінің алмасқан хаттарын қолға түсіріп, оны Ұлыбританияның  ірі алаяқтықпен күрес басқармасына берген. Бұл басқарма парақорлық пен жемқорлыққа қатысты істерді жүргізеді.

"Қазақмыс" Қазақстандағы ірі мыс қорын өндіруші, оның бизнесі қазақстандық режимді үнемі қолдаумен тікелей байланысты. 2005 жылы компания Лондонда акцияларын орналастырған соң Ұлыбританиядағы құны 10 миллиард доллардан асатын аса қымбат компаниялардың біріне айналды", - дейді FT.

Ұлыбритания заңдары бойынша, компания шетел мемлекетінің қандай да бір лауазымды тұлғаларына бизнестегі мүддесін алға сүйреу үшін қандай да бір артықшылық ұсынса, бұл пара беру қылмысымен парапар.

"Осы заң күшіне енген 2011 жылдың 1 маусымы күні Мәсімовтің көмекшісі сол тұста "Қазақмыстың" атқарушы директоры қызметін атқарған Эдуард Огайдың электронды поштасына хат жолдады. "Бастығым оның отбасының 4 мүшесінің Парижге сапары бойынша сізбен жұмыс істеуімді тапсырды", - делінген хатта. FT хаттарға сүйеніп, премьер-министрдің өзі Парижге сапарламағанын, бірақ оның отбасының 12 адамдық жеке ұшақ, қонақ үйдегі үш жапсарлас бөлме тәрізді ерекше талаптары болғанын жазады. Осы және басқа хаттарды зерттеген британдық басылым "Қазақмыс" хатта айтылған нұсқауларды орындағанын, сапарға бас-аяғы 100 мың доллар жұмсағанын жазады.

Бұл оқиғаның беті көп жыл бойы ашылмай, құпия түрінде қала берген. Бірақ биыл бір беймәлім сайтта қазақстандық шенеуніктердің пошталарын бұзғаннан қолға түскен хаттар жарияланып кеткен. Қазақ диссиденттері сол хаттарды зерттеп, Мәсімовтің демалысына қатысты хаттарды 2019 жылы Ұлыбританияның ірі алаяқтықпен күрес басқармасы мен "Қазақмысқа" жолдаған.

"Қазақмыс" бүгінде атауын Kaz Minerals-қа ауыстырған. Компанияның өкілі осы оқиға туралы білген соң барлық хаттар мен қаржы есептерін тексеріп шыққанын жеткізді. Бірақ тексеріс компания мен оның қызметкерлері сапарды төлегенін немесе оны төлеуді сұрағанын, я төлемек болмағанын растамаған.

Компания өкілі FT-ге KazMinerals сапарды кім ұйымдастырғанын және оны неге компания қызметкерлерінен ұйымдастыруды сұрағанын білмейтінін жеткізген.

Екі жетекші британдық заңгер басылымға алаяқтықен күрес басқармасынан толық мәлімет күтіп отырғанын жеткізіпті. Тіпті компания Мәсімовтің сапарын ұйымдастырмаған күннің өзінде оның қызметкерлері Мәсімов мырзаға көңіл бөлген. Бірақ жетекші заңгерлер алаяқтықпен күрес басқармасы тек қана көңіл бөлу фактісі бойынша тексеріс жүргізуі екіталай дейді. Дегенмен егер компания мен оның өкілдері Мәсімовтің демалысын көтеріп алғаны дәлелденсе, бұл компанияның шенеунікке пара беруі фактісі болуы мүмкін дейді бұрынғы прокурор Руби Хамид.

Британдық ірі алаяқтыққа қарсы күрес басқарамасы Financial Times-ке бұл істен хабардар, бірақ одан артық мәлімет бере алмайтынын айтқан. Алаяқтықпен күрес басқармасы "кез келген қызмет пен сыйлықты пара деп қарастыруға болса да", қылмыстық іс қозғау туралы шешім жеткілікті дәлел мен қоғам мүддесін ескере отырып қабылданғанын айтқан.

Бүгінде ҰҚК төрағасы қызметін атқаратын Кәрім Мәсімов журналистердің бұл іс бойынша сұрақтарына жауап бермеген.

Материалды көшіріп басуға болмайды!

 

Байланысты жаналықтар

«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

07.10.2024

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

15.08.2024

Антикор Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салды

14.08.2024

ІІМ «Қазақмысты» қауіпсіздік қызметінің басшылары тонағанын мәлімдеді (ВИДЕО)

26.07.2024

Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді

28.06.2024

ҰҚК: Кәрім Мәсімов кешірім сұрап, өтініш жасады

18.06.2024
MalimBlocks
«Қазақмыстың» екі қызметкері қайтыс болды

Шахтада көміртегі газы бөлінген

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Антикор Кәрім Мәсімовтің күйеу баласына іздеу салды

Ол "Қазтеміртранс"АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті.

ІІМ «Қазақмысты» қауіпсіздік қызметінің басшылары тонағанын мәлімдеді (ВИДЕО)

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейді

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты.

ҰҚК: Кәрім Мәсімов кешірім сұрап, өтініш жасады

ҰҚК мәліметінше, өтініш 2024 жылдың наурыз айында жасалған.