«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды

Талапшыл азаматтық күштер тартылады

Malim Админ

  • 11.02.2023

Бүгін Астанада өткен брифингте түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясына бірігу туралы мәлімдеді.

Коалиция сайлау рәсімдерін қоғамдық бақылау саласындағы жұмыстың  ашықтық және демократиялық қағидаларына негізделген жаңа формациядағы институтты білдіреді.

Коалиция құрамына әр өңірден байқаушылар, заңды консалтинг, медиа менеджмент және кәсіби койчинг жұмыстарын жүзеге асыру саласында үлкен тәжірибеге ие 160-тан астам ұйым кірді.

Коалиция жұмысын ұйымдастыру жеке дара емес, ұжымдық және тең құқылы басқару қағидасы бойынша жүзеге асырылатыны үлкен маңызға ие.

Іс-шара барысында Коалиция Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қоғамдық байқаушылар ретінде қатысу туралы өз ниеттерін мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифингке қатысушылар Коалицияның бір реттік бастама емес, жүйелі ұйым екенін, оның аясында сайлау рәсімдерін әдістемелік және құқықтық қамтамасыз ету, талдамалық және ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, сайлау процестерінің саласында білім базасын қалыптастыру бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті.

Коалиция жұмысының басты назары оған қазақстандықтардың сайлау мәдениетін байқауға және қалыптастыруға қатысуға қабілетті белсенді, талапшыл азаматтық күштерді тартуға аударылады.

 «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы

Байланысты жаналықтар

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне үміткер болды

24.03.2025

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025
MalimBlocks
Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Экрем Имамоглу ресми түрде Түркия президенттігіне үміткер болды

23 наурызда Түркияның оппозициялық Республикалық Халық партиясының алдын ала сайлауында 15 миллион адам биліктен қуылып, тұтқындалған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуға қолдау білдіріп, дауыс берді

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті