Экс-президент өзіне тағылған айыптарды мойындамады

130 мың доллар пара берген

Malim Админ

  • 05.04.2023

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзіне тағылған қылмыстық айыптарды мойындамады.  Оған әйгілі порножұлдызға 2016 жылы президенттік сайлауға түсерде   130 мың доллар пара берді деген айып тағылып отыр. Ал құқық қорғау сарапшыларының пікірінше, бұл   Трамптың 2024 жылы президенттікке түсуіне кедергі бола алмайды. 

АҚШ-тың 45-ші президенті және 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға түсуден үміткер Дональд Трамп Манхэттендегі сот отырысына өзіне тағылған айыптарды тыңдау үшін келді. Сот отырысы сейсенбіде сағат 14:15-ке белгіленген еді. Алдымен, кәдімгі күдікті ретінде Трамптан саусақ табын алған, бірақ фотосурет түсіруге рұқсат етілмеді. Нью-Йорк штаты Жоғарғы Сотының судьясы Хуан Мерчан БАҚ-ның процесті түсіру туралы өтініштерін қабылдамады. Дегенмен фотографтарға айыптау ісі басталар алдында Трампты түсіруге рұқсат берді. Осылайша сот залына бірнеше минутқа ғана бес фотограф жіберіледі. Ал сол маңға АҚШ-тың бұрынғы президентін қолдайтын топ «Трамп жеңеді, Американы сақтайық» деген ұрандар жазып, көшеге шықты.

Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бүгін  Нью-Йоркте қамауға алынды. Трамп қылмыстық жауапкершілікке тартылған АҚШ-тың алғашқы экс-президент. 

Саясаткер Нью-Йорктегі үлкен қазылар алқасының өзін айыптау туралы шешімін «тарихтағы ең жоғары деңгейде саяси қудалау және сайлауға араласу» деп атады. Бұған дейін хабарланғандай, Трампқа қатысты барлық 34 айып тағы да қылмыстық санатқа ауыстырылған.    

Байланысты жаналықтар

Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

10.08.2023

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі журналистерге алаңдаушылық білдірді

20.01.2023

АҚШ, Қытай және Ресей: Қазақстанда АЭС салуы мүмкін

27.06.2022

Қазақстан АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашады

17.11.2021

"Спутник V" екпесін салдырғандар АҚШ аумағына кіре алмайды

28.09.2021

АҚШ пен Өзбекстан келісімге келді

13.09.2021
MalimBlocks
Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

АҚШ президентінің ТМД елдерінің шенеуніктер мен кәсіпкерлерінен пара алғаны белгілі болды.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі журналистерге алаңдаушылық білдірді

Құқық бұзушылықтарға кінәлі адамдар жауапқа тартылуы керек

АҚШ, Қытай және Ресей: Қазақстанда АЭС салуы мүмкін

Қазақстанда бірінші Атом электр станциясын (АЭС) салуға төрт мердігерден тізім жасалды. Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашады

Мәжіліс «ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлданды. Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы «ашық аспан» режиміндегі келісім.

"Спутник V" екпесін салдырғандар АҚШ аумағына кіре алмайды

АҚШ пен Өзбекстан келісімге келді