«Есі дұрыс адам бәле емес, бейбітшілік іздейді, Зюганов мырза!» - Қазақстан саясаткерлері

  • 08.03.2022

Ресей госдумасының депутаты, Ресей коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюганов «Қазақстанда Американың тоғыз биологиялық зертханасы бар» деп мәлімдеме жасаған.

«Украинадағы билік ешкімнің басын көтеруге мүмкіндік бермейтін нацистік-бандералық топтың қолында болды. Оларға қарсы шыққан кез-келген адамды не қудалады, не жазалады, не болмаса жай ғана қырып тастады. Оның үстіне американдықтар Зеленскийді жерді сатуға мәжбүр етті. Өйткені, Украинада әлемдегі аса құнарлы қара топырақтар бар. Сонымен қатар, бір мезгілде біздің шекарамыздың периметрі бойынша он бес биологиялық зертхана орналастырылды, онда бірде-бір украин қызметкері болмады, тек американдық мамандар Ресей мен оның халқын уландыратын жаңа бактерияларды дайындап жатты. Мұндай зертханалардың бесеуі Грузияда, тоғызы Қазақстанда орналастырылды. Сондықтан әскери-саяси операция барысында Украинадағы осы он бес зертхананы Ресей Қарулы Күштері қиратуы кездейсоқ емес», - дейді Зюганов.

Бұл қызылдар партиясы бұл мәлімдемені  5 наурыз – Сталиннің қайтыс болған күніне орай ұйымдастырған шарада жасады. Бұл Зюгановтың Қазақстанға қатысты айтқан алғашқы сөзі емес. Ол бұған дейін 11 қаңтарда Қазақстанда «русофобиялық» саясат жүріп жатыр деп, «дабыл қаққан».

Осыған орай бірқатар қазақстандық саясаткерлер қарсы мәлімдеме жасап жатыр. Соның бірі мәжіліс депутаты Айгүл Құспан. Ол Зюгановтың мәлімдемесін ойдан шығарылған деп атады.

«Өздеріңіз ойлаңыздар: «Солтүстік Қазақстан қазіргі жағдайға қарағанда орысша болып қала береді, ал оңтүстік Қазақстан жақта орыс тілі қазірдің өзінде өтпейді», - деп дабыл қағуға тырысып жатыр. Одан әрі ол орыс тілді халықты ұлтшылдық тәлкегінен арашалау үшін орыс билігін «дереу арада түпкілікті шарашалар қолдануға» шақырады. Зюгановтың сөзі – ашық арандатушылық, жауапсыз, шовинистік бағыттағы мәлімдеме», - дейді депутат.

Тағы бір депутат Павел Казанцев Зюгановтың өзіне тікелей сөз арнапты. Ол оның сөздері өте қауіпті деп санайды.

«Есі дұрыс адамның бәрі жер бетіндегі нәзік бейбітшілікті сақтаудың жолын іздестіріп жатқанда, сіз керісінше тағы бір қауіпті ошақ ашқыңыз келеді. Бұл жолы Қазақстан мен Ресей арасына от жаққыңыз келеді. Бұл бұған дейін екі ел басшылары арқылы анық шешіліп қойған мәселе. Біз оның бұзылуына жол бермейміз. Отпен ойнамаңыз! Бізде тіл, дін төңірегіндегі алаауыздық жоқ. Осындай сөздеріңізден кейін сіздің Жириновскийден қандай айырмашылығыңыз бар?!»

Президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев та Дума «оппозиционерінің» сөзіне жауап қатыпты.  Ол екі ел арасындағы татулық туралы айтып келе жатқан Тоқавты да, Путинді де жоққа шығарып отыр ма деген сауал тастапты. Ертісбаев жалпы сөзінде большевиктердің ұстанымы қандай болуы керек екенін айтып, КСРО кезеңін шолып қайтыпты.

«Айтуға хақы бар шығар, бірақ, аргумент қайда, фактілері қайда? Құрметті достар, арандатуға жол бермейік! Қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достық мызғымайды. Қауіптің алдын алып, қиын жағдайлардан қашуымыз керек. Абай болайық!» - депті.

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі