Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Malim Админ

  • 17.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды және кейбір заңнамалық актілерге масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Заң жобасында жекелеген журналистерге оңайлатылған аккредиттеу құқығын беретін «баспасөз картасын» енгізу жөніндегі норма ұсынылған. Ашығын айту керек, бұл норма жұмыс тобында, жалпы қоғам ішінде үлкен пікірталас тудырды. Жұмыс тобындағы мүшелердің басым бөлігі бұл норманы демократиялық принциптерге қайшы, журналистерді алалау, жан-жақты ақпарат таратуға кедергі келтіретін норма деп бағалады. 

Сондықтан бұл норма бойынша нақты шешім қабылданды – «пресс-карта» туралы норма жойылды, - деді депутат.

Сондай-ақ ол заңның негізгі мақсаттарына тоқталды.

Негізгі заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, құқықтарын нығайту және міндеттерін қайта қарау, журналистердің артықшылықтарын кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстар көзделген, - деді Жанарбек Әшімжан.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

17.04.2025

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025
MalimBlocks
20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Мәжіліс Салық кодексі жобасын екінші оқылымда қабылдады

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

Жастар «күлдіретін шариктерден»кейін естерін жоғалтып жатыр. Депутат дабыл қақты

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады