Митингте көзіне оқ тиген өскемендік әлі қамауда отыр  

Олжас Қасым

  • 05.02.2022

Өскемен қаласының тұрғыны Жеңіс Зайнолла Malim.kz редакциясына ұлы 1998 жылы туған Ерқанат Жеңісұлының Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталып, бір айға жуық түрмеде отырғанын айтып шағымданды. Оның айтуынша, митинг болып жатқан жерге кездейсоқ барып қалған ұлы Ерқанат полицейлердің атқан оғынан бір көзі көрмей қалса да, ауруханада жатқан жерінен изоляторға апарылған.  

- «Өскемен қаласында телефон жөндеуші болып жұмыс істеп жүрген.  5-қаңтар күні сағат 19:00 де жұмыстан шығып, шамамен 1 сағаттай автобус тосып тұрыпты.  Сол күні қаладағы төтенше жағдайға байланысты, автобустарды тоқтатып тастаған еді. Үйге келе жатып мөлшермен 20:30 минут шамасында Қазақстан даңғылы бойындағы ШҚО әкімшілік ғимараты маңында бір топ шеруге шыққан адамдарға кез болған. Сол жерде полициялардың бірінің атқан  резеңке оғы оның оң көзіне тиген.  Соның салдарынан Ерқанаттың оң көзінен қан кетіп, жанары көрмей қалды. Сол жерде оған  бейтаныс жігіт такси ұстап беріп, түнде ол облыстық ауруханаға түседі. Келесі күні таңғы уақытта операция жасалады,- дейді Ерқанаттың әкесі. 

Отаның нәтижесіне сәйкес  дәрігерлер Ерқанаттың оң көзі  көру қабілетінен айрылған деген диагноз қойған. Жеңіс Зайнолла соған қарамастан, полицейлердің ауруханада жатқан ұлын  изоляторға қамау себебін түсінбей дал. Ерқанаттың адвокаты Асқарбек Тұтқышев оның шеруге қатысқан адам ретінде күдіктенетіндей ешқандай да айғақтар жоқтығын айтады. Ұялы телефонынан күмән тудыратын бейне жазбалар да табылмаған. 

- Менің қорғауымдағы Жеңісұлы Ерқанат бұрын сотты болмаған, білімі жоғары, бойдақ, ешкімге ешқандай зорлық-зомбылық көрсетпеген, күш қолданбаған, ешқандай дүние мүліктерді қиратпаған, өртемеген, жоймаған, атыс қаруын, жарылғыш заттарды пайдаланбаған. Бұл туралы ол өзінің алғашқы жауабында да көрсетіп отыр. Алайда, осы қылмыстық істің тергеуі барысында 08.01.2022 жылы Жеңісұлы Ерқанатты ҚР ҚК-нің 272 бабы 2 бөлігінде көрсетілген қылмыс жасады деген күдікпен күдікті адам ретінде жауап алып, уақытша қамау изоляторна қамаған болатын. Осыдан кейін 10.01.2022 жылы Жеңісұлы Ерқанатқа ШҚО Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотының  қаулысымен бұлтартпау шарасы ретінде «күзетпен ұстау» шарасы қолданылды. Бұл қаулыға берілген апелляциялық шағымды да облыстық соттың алқасы қанағаттандырусыз қалдырған,- дейді Асқарбек Тұтқышев.

Ерқанат Жігерұлының адвокаты Шығыс Қазақстан облысының прокуроры және ведмоствоаралық тергеу бөлімінің жетекшісіне өтінішхат жолдапты.   Ол құзырлы органнан көрсетілген мән-жайларды өте мұқият қарап, бұлтартпау шарасын өзгертуді сұрайды.  Ерқанатқа  «Кепіл» немесе «Үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шараларын қолдануға рұқсат берілсін дейді.

Адвокат Асқарбек Тұтқышевтің мәлімдеуінше,  Ерқанат Жеңісұлының дене жарақаты «АУЫР» дәрежеде, оң көзі көру қабілетінен мүлдем айырылған. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатқан қызметкерлер бүгінге дейін сот-медициналық сараптамасын тағайындамаған.

Жақындары мен адвокат тергеу изоляторында жатқан Ерқанатпен кездескен.  Байқағанындай, оның ота жасалған көзі әлі жазылмаған, дәрігерлік ем де көрсетілмеген.  Дәрігерлердің көзіне жағуға және тамызуға жазып берген дәрі-дәрмектерін де ала алмай отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясында  «мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы - адамның өмірі, яғни оның денсаулығы» деп жазылғаны мәлім.  Алайда сиырқұйымшақтанған бұл жағдайға қашан нүкте қойылары бәймәлім.  Ерқанаттың мүддесін қорғаушы адвокат оның қамауда жатып көзіне тиісті ем қабылдай алмағанын, инфекция түсіп, көзінің жарақаты асқынып кетуі әбден мүмкін дейді.  Егер босатылмаса  екінші көзінің көрмей қалу қаупі бар.

Небәрі 23 жастағы Ерқанат әлі отбасын да құрмаған. Ата-анасы  келешегінен үміт күтіп отырған ұлының аянышты жағдайда жатқанына қамығады. Жақындары көру мүмкіндігінен айрыла ма деп аза-бойы қаза болып отыр. Денсаулығы сыр берсе де бір айға жуық қамауда отырған азаматтың босатылуын талап етеді және барша қазақстандықтардың осыған үн қосуын сұрайды. Өйткені, мұндай жазықсыз тергеліп, қинау фактілері әр қалада жиі тіркеліп жатыр...  

Байланысты жаналықтар

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

02.10.2023

«Просил не приставать к женскому персоналу» - потерпевший по делу Мухамедиулы

28.09.2023

Алматыда Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтіп жатыр

26.09.2023

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023
MalimBlocks
«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

Алдағы айда өтетін аудан әкімдері сайлауы «Аманат» партиясының берекесін кетіретіндей. Неге десеңіз, қазірдің өзінде «Аманат» партиясының мүшелері сайлаудың әділ болмағына күмән келтіріп жатыр. Жалпы, билік партиясының өкілдері бұрын-соңды сайлауға келгенде әділетсіздік көрмейтін.

«Просил не приставать к женскому персоналу» - потерпевший по делу Мухамедиулы

Экс-министр культуры и спорта, бывший директор Национального музея Арыстанбек Мухамедиулы снова на скамье подсудимых. На этот раз его обвиняют в рейдерстве.

Алматыда Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтіп жатыр

Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей елінің сейсмолог ғалымдары қатысуда

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.