Назарбаевқа қатысты ауқымды аудит жүргізіледі

Саяси басымдықтары да болмайды

Malim Админ

  • 13.01.2023

 Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевта бұрынғы басымдықтар болмайды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты.

«Бұл заңға тоқталсақ, осыған дейін Тұңғыш Президентте ауқымды басымдықтар болған еді. Осы орайда Парламент Мәжілісінде сөз сөйлеу, өзіне министрлерді шақырту, мемлекеттік органдарға сауалдар жолдау мүмкіндігі болды. Сондықтан бұл заңның күші жойылатынын ескере отырып, енді бұл саяси басымдықтары да болмайды», - деді Е. Саиров Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, экс-президент туыстарының заң алдында қандай да бір жауапкершілігі болса, онда тиісті жазасын алуы керек. Сонымен қатар, депутат Тұңғыш Президент мәртебесіне қатысты нормалар қамтылған 20 заң бар екенін, осы орайда ел заңнамасына ауқымды аудит жүргізілетінін айтты.

«Бұл құжаттарда Тұңғыш Президент еңбегі туралы мәселелер қамтылған. Тиісті аудит жүргізілгеннен кейін, бұл баптардың да күшін жою туралы бастама жасалады. Биыл Мәжіліс депутаттары тиісті жұмысты атқаратын болады. Нұрсұлтан Назарбаев елдің экс-президенті болып саналады. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Президентi туралы Заңы аясында реттеледі. Бұл құжатта экс-президенттерге қатысты нақты баптар қамтылған», - деді Ерлан Саиров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданды. 

Аталған заң жобасы жалпыұлттық референдум нәтижесінде Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді.

 

Байланысты жаналықтар

Қарызын жапқысы келетін 18 мың адам арыз берді

15.03.2023

Қоғамдық орында боқтайтындарға айыппұл көбейді

06.03.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Назарбаев туралы заңның күші жойылды 

11.01.2023

Қаралы қаңтарға 1 жыл. Назарбаевтан бас тарту процесі немен аяқталады?

30.12.2022

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022
MalimBlocks
Қарызын жапқысы келетін 18 мың адам арыз берді

15 жұмыс күн ішінде азаматтардың шарттарға сәйкес келуі тексеріледі

Қоғамдық орында боқтайтындарға айыппұл көбейді

Қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Назарбаев туралы заңның күші жойылды 

Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді

Қаралы қаңтарға 1 жыл. Назарбаевтан бас тарту процесі немен аяқталады?

Бұрынғы президентті құрбандыққа шалуы мүмкін

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...