Назарбаевтың 60 жасына 1 млн доллардан сыйлаған әкімдер

Нұрсұлтан Назарбаевтың 60 жасына  Заманбек Қалабайұлының картина сыйлағанын  айтады. Ал басқа облыс әкімдері Президентке 1 млн АҚШ долларынан жинап берген.

Malim Админ

  • 05.03.2022

 

Күні кеше қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділовтің сұхбаты жарияланды. Қайрат сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың 60 жасына  Заманбек Қалабайұлының картина сыйлағанын  айтады. Ал басқа облыс әкімдері Президентке 1 млн АҚШ долларынан жинап берген дейді. Заманбек Нұрқаділов ол уақытта Алматы облысын басқарғаны белгілі. Назарбаевтың туған күніне  1 миллион доллар сыйлаған басқа облыс әкімдері кімдер болуы мүмкін? Сол тұста аймақ басшылығында отырған әкімдер туралы болжалды мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.      



2000 жылы 6 шілде күні Назарбаевқа Нұрқаділов тұтас қабырғаны алып тұратын үлкен картина сыйлайды. Қайраттың айтуынша,  ол тартудың өзіндік хикаясы бар. «Әкеме бір шаруамен келгенмін. Көмекшісінен сұрап оның   акт залында жүргенін білдім. Келсем керегеге ілетін үлкен бір сурет тұр екен. Бұл қазақтардың жоңғарларды ойсырата жеңген сәтін бейнелейтін ғажап картина еді. Қателеспесем, ұзындығы мен ені 6Х5 болуы керек. Әкемнен мына картина үйіңе сыймайды ғой деп айтып едім, күлді. Сосын бұл суретті Президенттің 60 жасына сыйлаймын, енді мұны көлікпен жіберейін бе, пойызбен жөнелтсем бе деп ойлап отырмын деді. Байқаусызда жыртылып қала ма деп те қауіптеніп отырғанын жеткізді. Егер қорқып тұрсаң контейнерге сал да жібере бер дедім. Кейін кабинетіне барғанда «Сен сурет беріп жатырсың. Ал қалған облыс әкімдері туған күніне не береді деп едім, олар Назарбаевтың туған күніне 1 миллион доллардан жинайды деп жауап берді. Әкімдер өзара келіскен екен, сен де бермейсің бе дедім. Ол ондай сомада ақшасы жоғын айтты. Сенде болса да алмас едім. Ал мұндай ақшаны қайдан табамын? Ол үшін аудан әкімдерін, кәсіпкерлерді қысуым керек болады. Олардан алдым ба, мен де ақшаны қалтаға басуым керек. Мен ондай қадамға бармаймын. Тек қана сурет беремін деді. Ренжіп қалмай ма деген сұрағыма «жоқ, ренжімейді» деді» дейді Қайрат Нұрқаділов. 


Бұл осыдан тұп-тура 22 жыл бұрынғы жағдай.  Президент Назарбаевтың 60 жасына 1 миллион доллар сыйлаған облыс әкімдері кімдер болуы мүмкін? Сол тұста аймақ басшылығында отырған әкімдер тізімі мынадай болыпты.      


2000 жылғы облыс әкімдері:  
Ақмола облысының әкімі Сергей КУЛАГИН   (зейнет демалысында) 
Ақтөбе облысының әкімі – Аслан МУСИН  (Соңғы қызметі – Қазақстанның Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі)
Атырау облысының әкімі  – Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ (зейнет демалысында)
Шығыс Қазақстан облысының әкімі  – Виталий МЕТТЕ (2003 жылы қайтыс болған)
Батыс Қазақстан облысының әкімі – Қабиболла ЖАҚЫПОВ  (зейнет демалысында)
Жамбыл облысының әкімі  – Серік ҮМБЕТОВ (зейнет демалысында)
Қарағанды облысының әкімі – Камалтин МҰХАМЕДЖАНОВ (зейнет демалысында)
Қостанай облысының әкімі  – Өмірзақ ШӨКЕЕВ (Қазір Түркістан облысының әкімі)
Қызылорда облысының әкімі  – Серікбай НҰРҒИСАЕВ (зейнет демалысында)
Маңғыстау облысының әкімі  – Ләззат ҚИЫНОВ (зейнет демалысында)
Павлодар облысының әкімі  – Ғалымжан ЖАҚИЯНОВ (2012 жылдан саяси эмиграцияда)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі  – Қажымұрат НАҒМАНОВ (Соңғы жұмысы - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры) 
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі   – Бердібек САПАРБАЕВ   болатын.  (Жамбыл облысының әкімі)


 
2000 жылы 1 АҚШ доллары теңгеге шаққанда  142,13 болыпты. Яғни 1 миллион доллар теңгемен есептегенде 142 миллион 130 мың теңге шамасында болғаны анық.  Нұрқаділовтен басқа әкімдер Президентке тарту ретінде жалпы 1 млрд. 847 млн 690 мың теңге ақша жинаған болып шығады.

Қаржыгер Бауыржан  Ысқақовтың айтуынша,  қазіргі уақытта стандартты бір мектеп салу үшін 2,5 млрд теңге қажет. Ал ол уақытта ақша құнды болатын. Мөлшерлеп айтар болсақ,  осы сомаға стандартты түрдегі екі орта мектеп салуға болар еді. 


Иә, сол жылдары Н.Назарбаев мектеп мәселесін шешу, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту ісін бақылауға алдым деген. Себебі, 1999 жылғы дағдарыс кезінде 26 мыңнан астам бала оқуын тастап кеткен еді.  Осындай күрмеулі жайттар өткір тұрғанда облыс әкімдері қомақты қаржыны елдің аузынан жырып,  бір адамның қалтасына түсіріп жатты.  
   
Бір қызығы, сол кезде Назарбаевтың ұртын ақшамен майлаған әкімдердің көбісі жақсы қызметтерге өсті. Сергей Кулагин 2017 жылға дейін Қостанай, Ақмола  облыстарын жалпағынан басып, кейін депутат болды. Иманғали Тасмағамбетов өзі айтқандай зейнетке шыққанша «Назарбаевтың өнімі» атанып жүрді. Серік Үмбетов те облыстарды басқарып, министр, депутат ретінде көрінді. Серікбай Нұрғисаев та ірі қызметтердің тұтқасынан ұстап жүр. Ғалымжан Жақиянов Назарбаевқа жақсы сыйлық жасаса да саясаттағы жолы даңғыл болмады. Ләззат Қиынов үлкен креслоларды иемденсе, Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі, Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып отыр.  Әбішұлының 60 жасына картина сыйлаған Нұрқаділовтің тағдыры немен аяқталғанын жұрт біледі.

  
22 жыл ішінде аталған шенеуніктердің Назарбаевқа жасайтын сыйлығының көлемі әлденеше есе өсті деп болжаймыз.  Миллиардтар минут сайын өсіп жатты. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында шенеуніктер мемлекеттің олқы тұстарымен айналысудың орнына, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа орын берді. Басшының ұртын майлаудың соңы қайда апарып соққаны бәріңізге мәлім!  

Айбын Атабай 
 

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың сенімді жақтастарының бірі Әбіқаев қызметінен кетті

29.10.2024

Қай облыстың әкімі үздік? Аймақ басшыларының рейтингі

24.10.2024

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

06.10.2024

6 айда мыңға жуық адам жолда қаза тапқан: Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдерін сынға алды

30.07.2024

KPI енгізіледі: Бектенов әкімдердің жұмысын қалай бағалайтынын айтты

29.07.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады

23.07.2024
MalimBlocks
Назарбаевтың сенімді жақтастарының бірі Әбіқаев қызметінен кетті

Ол Қазақстан Волейбол федерациясының басшысы болған

Қай облыстың әкімі үздік? Аймақ басшыларының рейтингі

Абай облысының әкімі осы жолы да рейтингте көш бастап тұр

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

Ол «Астана Опера» театрының ғимаратында таңдау жасады

6 айда мыңға жуық адам жолда қаза тапқан: Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдерін сынға алды

Бектенов елімізде жол апаттарының саны азаймай отырғанын айта келе, еліміздегі өлім-жітімге мысал келтірді.

KPI енгізіледі: Бектенов әкімдердің жұмысын қалай бағалайтынын айтты

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп әр отбасымен жеке жұмыс жүргізуді әрі «дағдарыс» және «шұғыл» санаттардағы отбасыларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге ескерту жасады

Соның ішінде 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерген.