Ноғаев әкімдігі жұмыста отыр деген орынбасары қамауда екен

Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 маусымға дейін қамауда отырады. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметі хабарлады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 02.06.2022

25 мамырда әкім орынбасары жұмыста деп хабарлаған облыстық әкімдік өкілдері бүгін Лада басылымына берген ақпаратта Ниязовтың жұмыста емес екендігін айтқан.

«25 мамырдан бері Ғалымжан Ниязов жұмыста емес. Басқа ақпаратты құқық қорғау органдарынан алыңыз», - дейді әкімдік.

Ақтаудағы мамандандырылған тергеу сотының шешімімен облыс әкімінің орынбасары Ниязов 24 мамыр мен 24 маусым аралығында қамауға алынған.

Оқи отырыңыз: Қамауға алынған Ноғаевтың орынбасары жұмысына қайта кірісті

Осы жылдың 24 қаңтарында Ниязовтың қамауға алынған ақпарат тараған. Облыс әкімдігі 25 мамырда сот шешімімен Ниязовтың қызметіне қайта кіріскені туралы хабарлаған еді. Бүгін сот оның қамауда екенін қайта жариялап отыр. Оның әкім орынбасары қызметте қалу қалмауы сот шешіміне байланысты болып қала бермек.

Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына да қатысты дәл осындай түсініксіз жағдай болған.

Оқи отырыңыз: Арыстанбек пен баспасөз хатшысы неге өтірік айтады?

Оның қамауға алынғаны туралы хабардың барлығын баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай жоққа шығарып. Оның қызмет орынында екенін айтқан. Алайда кейін белгілі болғандай Мұхамедиұлы қамауда отырған.

Байланысты жаналықтар

Маңғыстау облысының әкімі арандатушыларға ермеуге шақырды

12.04.2023

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

07.09.2021

Ноғаевтың жоспары қай жоспар?

13.10.2020
MalimBlocks
Маңғыстау облысының әкімі арандатушыларға ермеуге шақырды

"Тыныштықты бұзуға жол бермеуіміз керек",-дейді ол.

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

Президент Жарлығымен Серікбай Тұрымовтың орнына Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Ноғаевтың жоспары қай жоспар?