Олжас Бектенов Батыс Қазақстанның әкіміне шүйлікті

Өз кезегінде әкім облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 183 шақырым деп ақталды

Сабина Асқарқызы

  • 04.02.2025

Үкімет отырысында премьер-министр БҚО-ның жол салу қарқынын шүйлікті, деп хабарлайды Malim.kz.

Нариман Төреғалиұлы (БҚО әкімі Нариман Төреғалиев – ред), сіздерде жолдардың жағдайы әлі де нашар болып тұр. Өзгеріс шамалы. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар? Жағдайды қашан жақсартасыздар? - деп сұрады Олжас Бектенов.

Өз кезегінде әкім облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 183 шақырым деп ақтала бастады.

 Оның ішінде жергілікті автожолдар 4 834 шақырым. Үкіметтің қолдауымен 2023-2025 жылдарға жалпы сипаттағы трансферттер түрінде 66 млрд теңге қарастырылды. Сол кезде орташа 1 шақырым жолды салу құны 33 млн теңге есебімен бөлінген қаражатқа жоспар бойынша 3 жылда 2010 шақырым жершілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу жоспарланды. Жоспарға сәйкес, 2023 жылы 629 км, 2024 жылы 730 км, 2025 жылы 651 км салуымыз қажет еді, - деді Нариман Төреғалиев.

Оның айтуынша, алайда салынған жолдар 2023 жылы 291 км, 2024 жылы 251 км салынған, ал 2025 жылы тек 177 км салынады.

Облыс әкімі Үкіметтен қолдау көрсетуді сұрады.

Премьер-министр Олжас Бектенов БҚО-ның жұмысын сынап, мәселенің шешімін табуды тапсырды.

Жақсы жолдардың үлесі жыл сайын өсуі керек қой. Сіздерде керісінше төмендеп бара жатыр. Тек мәселелерді айтып қана қоймай, оларды шешу де керек. Жергілікті бюджеттен тиісті қаржы көлемін бөлу қажет. Бәрін шешіңіздер, - деп ескерту жасады Үкімет басшысы.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

14.04.2025

Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

12.04.2025

"Келіп бәрін құртты". Тоқтар Әубәкіров әкім болудан неге бас тартты?

09.04.2025

Алматы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды

08.04.2025

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды

08.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

Олигархтар Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар инвестиция құятын болды

Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

Арыстанбек Әбілқайырұлы бұл туралы не дейді?

"Келіп бәрін құртты". Тоқтар Әубәкіров әкім болудан неге бас тартты?

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров әкім болу ұсынысынан неге бас тартқанын айтты

Алматы әкімінің орынбасары жауапқа тартылды

Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетіні белгілі болды