Олжас Бектенов пен Грузияның бірінші вице-премьері Леван Давиташвили кездесті

Леван Давиташвилимен Астанаға Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысу үшін келген

  • 19.09.2024

Көлік және логистика, АӨК, энергетика, туризм, авиация өнеркәсібі салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қаралды. • Грузия – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі.

Биыл бірінші тоқсанда грузин инвесторлары Қазақстан экономикасына $88,5  млн инвестиция құйды, жалпы 10 жыл ішінде инвестиция көлемі $500 млн-нан асты. Тараптар транзиттік-көлік секторындағы перспективаларға назар аударды. Екі елдің аумағы арқылы Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға апаратын ең қысқа жолдар – ірі трансконтиненттік көлік дәліздері өтеді. 

«Қазақстан мен Грузия – Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында белсенді ынтымақтастықта. Аталған бағыт бойынша жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылы 65%-ға, биылғы 8 айда 69%-ға өсіп, 2,9 млн тоннаға жетті. Мемлекет басшысы Орта дәлізді дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр, біз бұл бағыт бойынша тасымал көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін Үкімет транзит жағдайын жақсарту бойынша дәйекті шаралар қабылдауда», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

ҚР Премьер-Министрі бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды белгілеу, жеткізу мерзімдерін қысқарту және ТХКБ бойынша, оның ішінде Баку – Тбилиси – Карс желісі арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызды екенін баса айтты.

Сонымен қатар көлік дәлізін белсенді түрде цифрландыру қажеттігі анықталды, бұл аталған бағыттың халықаралық тасымалдаушылар үшін тартымдылығын арттырады. • Өз кезегінде Леван Давиташвили Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, бұл ретте екіжақты қатынастарды дамытуға жаңа серпін беруге арналған Үкіметаралық комиссияның ерекше рөлін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық әріптестіктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін көпжоспарлы жұмысты жалғастыру ниетін растады. 

Фото: ҚР Үкіметі
 

Байланысты жаналықтар

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

05.05.2025

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

23.04.2025
MalimBlocks
Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

Түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Үкімет басшысы

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты