Партиялық емес байқау орталығының Республика Президенті сайлауын байқауға қатысуы туралы мәлімдемесі

Бұған дейін биыл кезектен тыс президент сайлауы өтетіні хабарланған

  • 22.09.2022

 


Партиялық емес байқау орталығы елдің сайлау процестеріне жүйелі түрде қатысады.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 20 қарашаға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындады.
Биліктің ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қағидаттарына адалдықты баса көрсете отырып, біз сайлау процесіне белсенді қатысуға және президенттік сайлауды объективті бақылауды жүзеге асыруға ниетімізді білдіреміз.
Біз, азаматтық қоғам өкілдері демократияны дамытуды, қоғамның мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жақтаймыз.
Алдағы сайлау - әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға, ол еліміздің көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайды.
Біздің басты мақсатымыз – бүкіл сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету, дауыс берудің ашықтығы мен жариялылығының мүлтіксіз сақталуына ат салысу.
Біз сайлауға дайындықтың барлық сатыларында және дауыс беру күнінде байқауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам күштерін тартуға ниеттіміз.

Біз - әділ сайлау үшін, ертеңгі күнге деген сенім үшін, еліміздің жарқын болашағы үшін!

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады