Президент Әкімшілігінде бөлім меңгерушілері тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Берік Дәулетов

  • 01.08.2024

Президент Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау, сондай-ақ Цифрландыруды дамыту бөлімдерінің меңгерушілері тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, Ержан Нұраханұлы 1979 жылғы 4 сәуірде дүниеге келген.

2001 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, информатика, есептеуіш техника және басқару саласының қауымдастырылған профессоры. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью-Йорк Штатының университетінде «Ақпаратты қорғау әдістері мен жүйелері, ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2002 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Астана қаласындағы қазақстандық филиалында математика пәнінің оқытушысы болып бастаған.

2007-2011 жылдары – аға оқытушы, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ақпараттық технологиялар факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары;

2012-2022 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

2022 жылғы тамыздан Қазақстан Республикасы Іс Басқармасы «Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК директоры болып қызмет атқарды.

2023 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2006). Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған (2022).

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Ол бұған дейін «Қазақтелеком» акционерлік қоғамында түрлі қызметтер атқарып келген болатын. 

Фото: BAQ.KZ

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

07.05.2025

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

01.05.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

Осыған дейін бірнеше лауазымды қызмет атқарған

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды