Қарин Туды қорлаған әншілерді айыптады

Рәміздер күні қарсаңында көк байрағымыз әртістердің қолжаулығына айналды

Malim Админ

  • 27.05.2022

Рәміздер күні қарсаңында көк байрағымыз әртістердің қолжаулығына айналды. Бұл жөнсіз әрекет қоғамдық пікір тудырды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Алматыдағы концертте Туды қорлаған әншілерге үн қатты.

Қарин Фейсбук парақшасында:

  «Алматы қаласындағы концерт кезінде болған оқиға қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Біздің білуімізше, концертті «NS group» ЖШС ұйымдастырған. Shiza лақап атын иеленген азаматтың Мемлекеттік туға қатысты әрекеті жіті тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталуы қажет. Концертте ішімдік ішілгендіктен мұндай әрекетке жол берілген деп ойлаймын. Жастар осы бір келеңсіз оқиғадан сабақ алып, қарапайым мәдениет пен этикетті меңгеруі қажет», - деп жазды.  

Оның айтуынша, мұндай кештерді  ұйымдастырушылар да жауапкершілікті сезінуі керек. Олар концерт ұйымдастырған кезде ішімдіктің ішілуіне жол бермеуге, басқа да оқыс оқиғалардың алдын алуы қажет.

«Біз Мемлекеттік туға зор құрметпен қарауымыз қажет. Оны аяқасты етуге жол бермеуіміз керек. Туымызды немесе басқа да рәміздерімізді қорлаған әрекеттер құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылады. Өйткені, заң баршаға ортақ. Еліміздің әрбір азаматы Мемлекеттік туды құрметтеп, қастер тұтуы қажет деп санаймын», - деп ескертті Қарин.

Айта кетейік, кешеден бері әлеуметтік желілерде «Ирина Кайратовна» тобының әрекеті сынға алынып жатыр. Топтың Алматыдағы Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен концертінен видеоүзінді жарияланған. Онда сахнадағы жас әншілердің бірі  Мемлекеттік туға құрметсіздік танытады.

Туды қорлау әрекеттері бір бұл емес. Бұған дейін де әнші Нұрболат Абдуллин аттың жамбасынан тілерсегіне дейінгі аралықты тумен жауып, басы дауға қалған-ды. Байрақпен қоқыс шығарып, мемлекеттік рәмізді аяқ асты еткендер табылды. Алайда, жоғарыдан қатаң шара қолданылмағандықтан әлі күнге дейін тудың ту-талақайын шығаратындар азаймай келеді.   

Байланысты жаналықтар

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25.10.2024

Оңғарсынова кеткен соң... Қарин уәдесін қашан орындайды?

21.10.2022

«Жаңа Қазақстанға» ескі театрлар керек емес

05.07.2022

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?

19.04.2020
MalimBlocks
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды

Оңғарсынова кеткен соң... Қарин уәдесін қашан орындайды?

Іздеушісі жоқ болған соң да оларға әдебиеттің керегі болмай қалған шығар?! 

«Жаңа Қазақстанға» ескі театрлар керек емес

Жұмысқа ала алмайды, себебі, штат жоқ

ТОП шенеуніктердің ақылы қайда қалды?