Қазақстандық кеме: Түркия Украинаның өтінішін орындамады

Ресей жалға алған қазақстандық аты шулы "Жібек жолы" босатылды.

  • 07.07.2022
В.Зеленский мен Р.Ердоған/фото: aa.com.tr

Түркия Қазақстанға тиесілі «Жібек жолы» кемесін босатты. Бұл кеме Украинаның Ресей басып алған Бердянскіден заңсыз жүк тиеп алып кеткен деген күдікке ілінген. Украина тарапы Түркиядан бұл кеменің Украинадан ұрланған астықты тасып бара жатқанын, оны тоқтатуды сұраған.

Көп ұзамай бұл кеменің Түркияға тиесілі Қарасу портында ұсталғанын, қаңтарылып тұрғаны хабарланған. Украинаның сыртқы істер министрлігі Түркияның бұл әрекетіне алғыс айтып, Украина-Түркия әріптестігінің жолға қойылғанын да айтқан. Түркия тарапы кеменің болашағы туралы нақты ештеңе айтпаған.

Бүгін Украина Түркияның кемені босатып жіберуіне байланысты:

«Украинадан ұрланған астық тиелген ресейлік «Жібек жолы» кемесінің түрік билігіне берілген қылмыстық іс туралы дәлелдерге қарамастан Қарасу портынан шығуына рұқсат берілгеніне өкініш білдіреміз. Киевтегі Түркия елшісі Украинаның сыртқы істер министрлігіне бұл өрескел жағдайды түсіндіру үшін шақырылады», - деп хабарлады Украина СІМ спикері Олег Николенко.

«Жібек жолы» туралы дау пайда болғанда қазақстандық ҚТЖ компаниясы бұл кемеге байланысты мәлімдеме жасап, оның тиеп келе жатқан жүгінің заңды болатынына сенетіндерін айтқан. Артынша ресейлік Green Line ЖШҚ компаниясына (кемені жалға алушы) ҚТЖ «барлық растаушы құжаттарды (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдағанын» да хабарлаған.

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі