Референдумға байланысты кім үгіт-насихат жүргізе алмайды?

25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады

Malim Админ

  • 06.05.2022

Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер референдум бойынша өз пікірін білдіре алады.  Алайда, үгіт-насихат ережелерін бұзғандарға айыппұл салынады.  

Үгіт материалдарында оны шығарған ұйым,  басылған жері мен таралымы, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлімет болуы тиіс. Дегенмен, кімге үгіт материалдарын таратуға тыйым салынатынын біле жүріңіз.

Алдымен анонимді жазбаларға рұқсат етілмейді. Авторы немесе осы материалдарды шығарған ұйымдар туралы ақпараты жоқ материалдар анонимді болып саналады. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және шежірелік астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа үгіттеуге жол берілмейді.

Мұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. БАҚ-та жарияланған барлық материалдар заң талаптарына сай болуы тиіс. Референдум туралы заңда көрсетілгендей, референдумның алдындағы күні және референдум күні үгіт жүргізуге тыйым салынады. Заңды бұзғандарға  Бас прокуратураға шара қолданады.  

Бас прокурор орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, аноним үгіт материалдарын таратқаны үшін ӘҚБтК 113-бабы бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Айта кетейік, республикалық референдум 5- маусымда өтеді.  

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды