Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді

Елнұр Бақытқызы

  • 23.12.2020

Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді. Путиннің саясаты осы ма? Экс-дипломат Қазбек Бейсебаев malim.kz-ке берген сұхбатында Ресей мемлекеттік думасының депутаты Евгений Федоров Қазақстанға қарата екінші мәлімдемені бекер айтқан жоқ, бұл Ресейдің Қазақстанға қатысты саясаты өзгергенін көрсетеді дейді.

Дума депутаты Вячеслав Никоновтың  "Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы" деген мәлімдемесінен кейін Қазақстан Ресейдің уақытша сенімді өкіліне нота табыстаумен шектелді. Бірақ Думаның тағы бір депутаты Евгений Федоровтың даулы мәлімдемесінен кейін Қазақстан үнсіз қалды.

Экс-дипломат Қазбек Бейсебаев сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемелерді аяқсыз қалдырмай, наразылығын білдіруі керек еді дейді.

[caption id="attachment_10722" align="aligncenter" width="655"] Фото: ehonews.kz[/caption]

Евгений Федоров бірінші мәлімдемесінде Назарбаев пен Тоқаевқа "чемодарыңды алып кете беріңдер" деді. Бұл мәлімдемені В.Никоновтан кейін әдейі айтып отыр. Дипломатияда наразылық білдірудің бір әдісі бар. Ол – сол елдің елшісін консультация үшін шақырып алып сөйлесу. Бұл мемлекет осы арқылы өзге елге наразылығын білдірді деген сөз, – дейді Қазбек Бейсебаев.

Алайда сыртқы істер министрлігі мұндай қадамға бармады. Оны былай қойғанда, Евгений Федоров екінші мәрте даулы мәлімдеме жасады. Қазбек Бейсебаев бұл мәлімдемелердің астарында бір гәп жатыр деп болжайды.

Ресей мен Қазақстан Еуразия экономика одағына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына кіреді. Екі елдің арасында ХХІ ғасырға арналған достық келісімшарты бар. Яғни дос, әріптес елдерміз.

Алайда сыртқы істер министрлігі Ресей елшісін шақырып алып сөйлеспеді. Қазақстан не себепті үндемей отырғаны түсініксіз. Федоровтың екінші мәрте мәлімдеме жасауы тегін емес. Меніңше, бұл жерде бір гәп бар. Бәлкім, біздікілер Ресейге қарсы бір әрекетке барған шығар. Оған әлгілер шыдай алмай тиісіп жатыр. Біздікілер сол себепті кінәсін сезген бала сияқты үндемей отыр,– деді Қ.Бейсебаев.

Экс-дипломат Ресейдегі билік партиясының депутаттары айтқан бұл мәлімдемелер Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгергенін көрсетеді дейді. Ресейдің Қазақстанға саясаты өзгерді. Путиннің саясаты осы ма?

Қазақстан – Ресейге жақын мемлекет.  Мұндай мәлімдемеле Украинаға айтылса түсінікті, Ресей мен Украина арасында соғыс болды, Қырымды Ресей тартып алды. Ал біз Ресейге доспыз ғой. Оның үстіне бұрын Ресей телеарналарында "Қазақстанға тиіспеңдер, жамандамаңдар" деген нұсқау болған. Ал қазір бізге арналар тиісіп жатыр. Федоров та даулы нәрсені екінші рет бекер айтпады. Бұл Ресейдің бізге қатысты саясаты өзгергенін білдіреді.

Оқи отырыңыз:

Құл-Мұхаммед пен Шораев орыс, ал Федоров қазақ екен

 

Байланысты жаналықтар

Путиннің өкілетті өкілі Қазақстанды Ресей облыстарын су басқаны үшін айыптады

10.04.2024

Алматыдағы сайлау учаскесінде Путинге 8 пайыз ғана дауыс берілген

18.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024

Ресейдегі сайлау: Владимир Путин озып кетті   

18.03.2024

Ресейде президент сайлауы басталды

15.03.2024

Еуропарламент Лукошенконы тұтқындауды сұрады

19.07.2023
MalimBlocks
Путиннің өкілетті өкілі Қазақстанды Ресей облыстарын су басқаны үшін айыптады

Оның пікірінше, ағынды сулар реттелсе, Ресей Федерациясының Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқыны мәселесін болдырмауға болады.

Алматыдағы сайлау учаскесінде Путинге 8 пайыз ғана дауыс берілген

Бұл - Орталық Азиядағы ең төмен көрсеткіш әрі әлемдегі ең төмен нәтижелердің бірі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ресейдегі сайлау: Владимир Путин озып кетті   

Жалпы сайлауға сайлаушылардың 74,22 пайызы қатысқан.  

Ресейде президент сайлауы басталды

Сегізінші президент сайлауы наурыздың 15-і мен 17-сі аралығында өтеді.

Еуропарламент Лукошенконы тұтқындауды сұрады

Еуропарламент Гаагадағы Халықаралық сотқа Лукашенконы тұтқындауға ордер беруді сұрады