Саудияға сапар: Сыртқы саясаттағы жаңа көкжиек

  • 24.07.2022

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары, ол жақта өткізген кездесулері осы аптаның негізгі жаңалығы болды деуге болады. Әрине, БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде президенттің мұсылман ретіндегі бес парыздың бірін орындауы негізгі тақырыпқа айналды. Дегенмен, президент Меккеге сапардан бөлек, Сауд Арабиясы корольдігімен бірнеше келіссөздер жүргізіп, алдағы уақытта инвестор ретінде бұл елмен тығыз қарым-қатынас орнатуды мақсат етіп барғаны түсінікті. Мәселен, осы бір ғана сапар барысында Сауд Арабиясының іскер топтары, кәсіпкерлері, ірі компания басшыларымен кездесулер, инвестициялық дөңгелек үстел басындағы келіссөздер, Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) басқарушысымен жүргізілген диалогтар екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі дегенді білдіреді. Бұл ретте әрине Сауд арабиясы королінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен болған кездесудің жөні бөлек.

– Сауд Арабиясы – Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған елдердің бірі. Осы кезеңде түрлі бағыттағы ынтымақтастығымыз нығая түсті. Қазір қазақ-сауд қатынастары жоғары деңгейде. Дегенмен, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретін кез келді. Бұл – елдеріміздің мүддесіне сай келетін ортақ шешім. Біздің өзара тиімді байланыстарымыз нығая береді деп сенемін, – деді Қазақстан президенті қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзара тиімді байланыстар – сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері; Қазақстанның Сауд инвесторлары үшін өзара тиімді мүддені көздейтін түрлі перспективті салалар бойынша ұсынатын ерекше шарттар мен кең көлемді артықшылықтар; өзара тауар айналымын арттыру; ауыл шаруашылығы бойынша инвестициялық қызығушылық төңірегіндегі салалық қатырм-қатынастар. Сауд Арабиясы корольдігінің тақ мұрагерінің ерекше қызығушылық танытқан саласы - Қазақстанның аграрлық саласы. Корольдік компаниялары мен кәсіпкерлері Қазақстанның бұл саласына еселеп инвестиция салуға дайын. Қазір жаһандық азық-түлік тапшылығы туындауы мүмкін деп дабыл қағылып, бұл мәселе маңызды болып тұрған тұста бұл бағыттағы қол жеткізген келісімнің маңызы тіпті де арта түсетіні даусыз.

Жалпы, Сауд арабиясы экономикасы мықты елдердің қатарына жатады. Дегенмен, климаты ыстық бұл ел тұтынушы ретінде, инвестициялық салымдар салу арқылы әріптестік орнату бойынша көш басында тұрған мемлекет. Сол себепті, президенттің негізгі кездесулері осы іскерлік, өзара экономикалық тұрғыдағы келіссөздерге құрылды. Бұл кездесулерде Қазақстан Республикасының инвесторлар үшін өте сенімді серіктестікке дайын екені, бизнеске қолайлы, қауіпсіз ел екенін, сыртқы саясаттағы бейбітшілік саласындағы келісімдердің белді өкілі ретінде белсенді екеніне ерекше мән берілді. Мәселен, инвестициялық дөңгелек үстелде Қазақстан президенті:

«Saudi Vision-2030» бағдарламасы мен біздің «Қазақстан-2050» стратегиясы экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділікті төмендету, адами капиталға инвестиция салу, түптеп келгенде, жоғары дамыған елдердің қатарына кіру арқылы ұлттық дамуға қол жеткізуді көздейді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 17 есе өсті. Бүгінде Қазақстан экономикасы Орталық Азиядағы барлық өзге елдер экономикасының жиынтық көлемінен асып түседі. Орталық Азиядағы тауар айналымының 60 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Еліміздің халықаралық резерві – 90 миллиард доллар және ТМД бойынша жан басына шаққанда ең жоғарысы саналады. Шетелдік инвесторлар еліміздің экономикасына 380 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Бұл Орталық Азия аймағына салынған жалпы инвестицияның 70 пайызын құрайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан ары бұл кездесулерде қазақстанның инвесторлар үшін ұсына алатын мүмкіндіктері сөз болды. Әрине, бұл тараптағы келіссөздерді талдасақ арыға кетуге болады. Мәселен, шикізат, мұнай қоры бойынша екі ел де алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Дегенмен, бұл тарапта Сауд Арабиясының тәжірибесі де, қарымы да ұзын. Өндіру бағытындағы жетістіктерін пайдаланып, тәжірибе алмасу тұрғысында да көптеген жетістіктерге жетуге болады. Президенттің айтуынша, Қазақстан әлемде вольфрам қоры бойынша 1-орын, уран мен хром бойынша 2-орын алады, ал марганец, күміс, мырыш, қорғасын байлығы бойынша алғашқы бестікке кіреді. Қарқынды дамып келе жатқан Қытай мен Оңтүстік Азия нарығына жақын екенін ескере отырып, бұл салаға инвестиция салу – өте пайдалы қадам болатынын айтқан президент барлау және әзірлеме жұмыстары үшін бағалы және түсті металдың 60-тан астам кен орнын ұсына алатынымызды айтты. Бұдан бөлек, ғарыш, ғарыштық техника, аграрлық сектордағы Қазақстанның орны, болат, шойын өндірісі, т.б. туралы сөз болды. Басқа кездесулерде мұнай-химия, жасыл энергетика, металлургия, тау-кен секторлары, ауыл шаруашылығын терең өңдеу туралы басқа да тақырыптар сөз болды.

Қазақстанның діни ұстанымдарға кеңшілікпен қарайтын зайырлы мемлекет екені белгілі. Бұл тарапта Қазақстан әлемдік діни ынтымақтастық бойынша өтетін халықаралық форумдар мен жиындарда бейбітшілікке, діни наным-сенімге құрметпен қарау тұрғысында көптеген істерге бастамашы болып жүретінін білеміз. Сауд Арабиясына сапар барысында қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық қызығушылық бойынша ғана емес, ынтымақтастық, гуманитарлық тақырыптар бойынша да кездесу өткізді. Қазақстандағы діни аһуал тұрақты саналғанмен, қазіргі уақытта терроризм мен діни алаауыздық әлемді алаңдатып отырған мәселе. Осы және өзге де өзекті мәселелерді талқылау үшін Меккеге ең жақын орналасқан қала Жидда қаласында Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесті.

Қазақстан Президенті мен ИЫҰ-ның Бас хатшысы аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы сөз қозғады. Одан бөлек, Қазақстан мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы арасындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдету жолдарын тілге тиек етті. Тоқаевтың айтуынша, Ислам иынтымақтастық ұйымы саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және гуманитарлық салаларда байланыстар орнатуға ықпал ететін инклюзивті платформа. Сол себепті, бұл ұйыммен арадағы байланысты нығайтып, жаңа сатыда ынтымақтастық орнату маңызды. Қазақстан соңғы кездері сыртөы саясатта аса белсенділік танытып қана қоймай, қазіргі уақытта бұрын онша игерілмеген аймақтармен қарым-қатынасты дамыту, жаңа деңгейге көтеру бойынша көптеген кездесулер өткізіп, барынша ашық саясат ұстанып жүргені белгілі. Ислам ынтымақтастығы ұйымымен арадағы іс-қимылдар нәтижесінде Қазақстанның Ұйым аясында мұсылман елдерімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндіктің көп екенін, бұл тарапта Қазақстанның кез келген тиімді, бейбіт келісім-шарттарға Қазақстанның қашан да ашық екенін айтылды. Биыл күзде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтетінін белгілі. ИЫҰ басшылығы бұл форумға арнайы шақырту алғанын да айта кету керек.

Расында, Иран, Араб, Африка елдері туралы Қазақстанның қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқаны аңғарылады. Сауд Арабиясына жасалған сапар да соны дәлелдей түседі.

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.