Шенеуніктер шетінен оқшауланып жатыр
Қазақстандық шенеуніктер шетінен оқшауланып жатыр. Бұл жолы қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ вирусқамаққа түсті. Алайда, министр мырза вирус жұқтырған Елжан БІРТАНОВ немесе депутат Бекболат ТІЛЕУХАНМЕН кездеспеген. Бәрі Мәскеуде өтетін парад қамы екен.
Әріптесі РФ қорғаныс министрі Сергей ШОЙГУДАН шақырту алған генерал Ермекбаев 11 маусымнан бері оқшауланған режимге көшіпті.
«ҚР Қорғаныс министрі ресейлік әріптесі - армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен мерекелік шараларға қатысады. Өзін-өзі оқшаулау шарасы шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жағдайын ескере отырып қабылданды», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қорғаныс министрі өз жұмысында. Бірақ қарамағындағылармен тікелей байланыс үзілді. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің қызметі телефон арқылы және бейнеконференция арқылы басқарылады.
Өздігінен оқшаулау режимінің аяқталу күні туралы шешім Мәскеуден оралғаннан кейінгі министрдің денсаулық жағдайына байланысты қабылданады екен.