Тәліптер Қазақстанға келетін болды

«Талибан» - Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар қатарында

Malim Админ

  • 18.04.2023

Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігі дипломаттарын аккредиттейтін болды. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Ауғанстанның жаңа әкімшілігі бізге дипломаттарды аккредиттеу туралы өтініш жолдады. Біз оларды тіркеу жөнінде шешім қабылдадық. Айта кетейін, 2021 жылдың тамызында бұрынғы режим құлаған соң елде «билік вакуумы» пайда болды. Ауғанстан Ислам Республикасының шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуін тоқтатты», - деді Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ауғанстан мәселесі әлі де халықаралық қауымдастықтың қызу талқылауында болатынын атап өтті.

«Кеше Самарқан қаласында Ауғанстанмен көршілес елдердің кезекті кездесуі өтті. Біз Ауғанстанның біртұтас болғанын әрі көркейгенін қолдаймыз. Ауғанстанның жаңа әкімшілігі өкілдерінің бізге келуі – мойындау дегенді білдірмейді. Бұл мәселе БҰҰ-ның құзырында қалады», - деп атап өтті Айбек Смадияров.

Сонымен бірге, ол осындай миссиялар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей, Қытай, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері және Пәкістанда бар екенін еске салды. Айта кетейік, 2021 жылы Ауғанстанның билігіне келген «Талибан» - Қазақстанда тыйым салынған ұйымдар қатарына жатқызылған.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

19.05.2025

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025
MalimBlocks
Сарапшы: мектептер ерекше балаларды қабылдауға дайын емес

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен он елдің қатарына кірді

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады