Тоғжанов тағайындаған кадрлар Тұрымовтан сөгіс естіді
Маңғыстау облысының әкім Серікбай Тұрымов қармағандағыларды біраз сілкілеп алыпты. ИнАктау сайтынның хабарлауынша бірінші сөгісті Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов естіген. Ниязов Ақтау қаласының жасыл желегіне уақытында көңіл бөлмей, қаланың флорасына едәуір зиян келтіргені үшін жазықты болған. Тұрымовтың айтуынша, қала әкімдігі өзіне тікелей қатысты міндеттерді дұрыс атқармаған.
Сонымен қатар, Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоқыс, санитарлық тазалау, ауыз сумен қамтамасыз жұмыстарын қажетті деңгейде орындамған үшін сөгіс алды.
Облыста «Еңбек» бағдарламасының дұрыс жүзеге аспай, халықты жұмыспен қамту жұмыстары ақсап тұрғаны үшін Тұрымовтан орынбасары Бақытжан Кашақов пен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл сөз естіді.
Тұрымов осы саланы қадағалайтын Бақытжан Қашақовқа нақты тапсырма берілсе де, кәсіпкерлерге бөлінген ақша мен көмек тиісті деңгейде жетпегенін айтқан. Жаңа жұмыс орындары ашылмаған. Осының бәрі Маңғыстау облысының ісін ілгерілетпей отырса керек.
Ал Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов 2017 жылдың қарашасында қала басшысы болып тағайындалған. Оны Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Ералы Тоғжанов тағайындап кеткен еді.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл да, Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров та Ералы Тоғжановтың кезінде тағайындалған кадрлар.