Тоқаев сынаған Омаров жаңа қызметке қалай тағайындалды?

Қазақстанның бірнеше облысында мал қырылғанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынын естіп, орнын босатқан бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды.
"С. Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы биылғы 28 шілдедегі № 227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды", - делінген АШМ хабарламасында.
Естеріңізде болса, 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетуі керек деп мәлімдеді.
"Биыл жем-шөппен қамту қаншалықты маңызды екенін бәріміз түсіндік. Қолайсыз ауа райы мен тиімсіз болжау салдарынан Маңғыстау мен Қызылордадағы ахуал қиын болып тұр. Маңғыстау облысында қырылған мал саны 3 мыңға жетті.
Министрлік пен әкімдіктер тиісті шаралар қабылдамады. Нақты және бірізді жұмыс жүргізілмеді. Солардың кінәсінен ауыр шаруашылығы шарасыз күйге түсті. Кері байланыстың жоқтығынан фермерлер тікелей менен көмек сұрай бастауға мәжбүр болды. Әрине, қуаңшылық – табиғи құбылыс, оны жақсы түсінемін. Мұндай қиын жағдайда жауапты министрлік тез арада жедел және шешімді түрде әрекет етуі керек еді. Бірақ министрлік бұл шаруаны атқара алмады. Сондықтан осы салаға жауапты адам – министр Сапархан Омаров отставкаға кетуі керек", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Артынша Тоқаев С. Омаровты қызметінен босатқан. Енді қиын жағдайда тез арада әрекет ете алмаған министрі үлкен компанияны қалай басқарады
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс атқарды?
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады. Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу мәртебелі оқырман құзырында.
Тайны дела Бишимбаева
В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.