Украинаға қашып кеткен Нарымбай босатылмайтын болды

"Мені түрмеге қамау билікке тиімсіз. Қамаса да ұзақ ұстамайды" деп, сеніп келген Ермек Нарымбай енді қайтеді? Ол бұған дейін бірнеше мәрте аштық жариялаған. 2016 жылы 1 айға жуық аштықтан соң үй қамаққа шыққан, артынша шетелге қашып кетіп еді...

  • 19.09.2022
Е.Нарымбайды полиция қызметкерлері ұстап тұр, 2011 жыл / Фото: azattyq.org

Қаңтар оқиғасынан кейін елге оралатынын мәлімдеп, 6 ақпан күні Қазақстанға келген бойда ұсталған қоғамдық белсенді Ермек Нарымбай әлі біраз уақыт түрмеде отыра тұратын болды. Бүгін оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов Қонаев қалалық сотының оны босату туралы өтінішті кері қайтарғаны туралы хабарлады.

«Біздің өтінішіміз соттың өзі жеке шешім қабылдай алмайды, сондықтан сотқа сараптама керек деген желеумен кері қайтарылды. Меніше, бұл сотталған адамдарға қатысты белгілі бір қатып қалған ұстанымды сақтап қалу ғана. Бұл заңнаманы либерализациялау емес, қазіргі жағдайды сақтап қалу әрекеті. Егер адам қамауда отырса, ары қарай да отыра берсін, оның мұнда емес, сол жата отырғаны тиімді деген әңгіме. Менде заңгер ретінде сұрақ туындайды: егер судьялар заңнаманы түсіндіре алмаса либерализация дегенді не үшін ойлап тапты, не үшін ауыстырды?» - дейді адвокат Ғалым Нұрпейісов Kaztag.kz-ке берген мәлімдемесінде.

Ермек Нарымбай 2010 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасын талап еткен жиында «Назарбаев, кет!» деп ұрандаған. Содан бері Нарымбай осы ұран-сөздің авторы ретінде жиі аталады. Осы жиыннан кейін Нарымбай ұсталып, «сотты сыйламады», «полицейлерге қарсыласып, күш көрсетті» деген айыппен 4 жылға қамалған. Артынша, 2012 жылы рақымшылық бойынша босап шыққан.

2015 жылы «алауыздық қоздырды» деген айыппен тағы ұсталып, үш жылға қамалған Нарымбай 2016 жылдың қаңтарында түрмеде бір айдан астам уақыт аштық жариялаған. Осыдан кейін ақпан айында оны үй қамағына ауыстырған, артынша үш жылдық қамауды еркіндігін шектеу жазасына жеңілдеткен. Осы жылы шілде айында ол Украинаға қашып кеткен. Содан бері Украинада болған Нарымбай Қаңтар оқиғасынан кейін, 23 қаңтарда Қазақстанға оралатынын және өзінің қамалмайтынын, қамалса да ұзақ отырмайтынын мәлімдеген.

"Егер отырғызатын болса, ол ұзаққа созылмайды дегенге сенем. Қазақстанға мені шығарып салып, сонда қарсы алатын журналистер, блогерлер, көп адам болады, сондықтан мені тыныш қана тұтқындай алмайды. Ұрып-соғу мен азаптауға да толық дайынмын, бірақ ол билікке тиімсіз. Менің даусым сырт жақтан гөрі, әсіресе дәл қазір елдің ішінде салмақтырақ болады», - деген.

Бірақ, оны әуежайға қонған бойда күту залына жеткізбей, ұстап әкеткен.

Ол айтқан журналситер мен блогерлер оны күткенмен, олармен кездесуге мүмкіндік берілген жоқ. Маусым айының соңында Нарымбай өзін азаптап жатқанын айтып, аштық жариялаған.

Байланысты жаналықтар

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

02.10.2023

«Просил не приставать к женскому персоналу» - потерпевший по делу Мухамедиулы

28.09.2023

Алматыда Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтіп жатыр

26.09.2023

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023
MalimBlocks
«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

Алдағы айда өтетін аудан әкімдері сайлауы «Аманат» партиясының берекесін кетіретіндей. Неге десеңіз, қазірдің өзінде «Аманат» партиясының мүшелері сайлаудың әділ болмағына күмән келтіріп жатыр. Жалпы, билік партиясының өкілдері бұрын-соңды сайлауға келгенде әділетсіздік көрмейтін.

«Просил не приставать к женскому персоналу» - потерпевший по делу Мухамедиулы

Экс-министр культуры и спорта, бывший директор Национального музея Арыстанбек Мухамедиулы снова на скамье подсудимых. На этот раз его обвиняют в рейдерстве.

Алматыда Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтіп жатыр

Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей елінің сейсмолог ғалымдары қатысуда

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.