Үлкен Мусин кіші Мусиннен кешірім сұрады

Malim Админ

  • 18.03.2020

Жақында ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео арқылы үндеу жолдап, інісі, президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусиннен теперіш көргенін баяндаған Орынбасар Мусин енді Аслан Мусиннен кешірім сұрап отыр. Желіде Орынбасар Мусиннің жаңа видео үндеуі жарияланды. Онда Орынбасар Мусин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан алдыңғы видео үндеуін қараусыз қалдыруды өтініп, інісі Аслан Мусин, жиен інісі Сауранбек Мусин мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтен кешірім сұраған.

Орынбасар Мусиннің  інісінен кешірім сұраған видео үндеуі:

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=J8AMWpUC6sY&feature=youtu.be[/embed]

"6 наурыз күнгі видеода аты аталған бүкіл мемлекеттік органдар, прокуратура, сот, тергеу, әкімдіктер мен банктерден кешірім сұраймын. Алдыңғы видеода баяндаған оқиға болған жоқ. Ондай видео жариялауға ұлым Нұрланның қамауға алынуы себеп болды. Содан есеңгіреп қалдым. Эмоционалды көңіл күйге беріліп, өзіме есеп бермей, інім, жақындарым мен мемлекеттік органдарға орынсыз сын тақтым", – дейді Орынбасар Мусин.

Алдыңғы, 6 наурыз күні жариялаған видео үндеуде Орынбасар Мусин інісі Аслан Мусиннен қоқан-лоқы көргенін, бизнесінің 50 пайызын інісінің ұлы Асылбек Мусиннің атына жазып беруге мәжбүр болғанын баяндаған.

Оқи отырыңыз: "Мусиндер ақшаға таласып, Тоқаевтан араша сұрады"

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады