Жемқорлыққа қарсы шара қабылдамаған басшы жазаланады

100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады

Malim Админ

  • 28.10.2024

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және лауазымды тұлғалардың өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерін қарастырады. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу жөніндегі қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікте болады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздеу ұсынылады», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Олжас Бектеновтің нақтылауынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға кінәлі өздеріне бағынысты адамдарға қатысты шаралар қолданбағаны не ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып, көрсетілген шараларды қабылдағаны үшін жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. 

«Заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші оқылымда мақұлдады», - деді Премьер-Министр.

Фото: islam.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі