Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Президенттікке үміткер болған Рахымбаев министрдің кеңесшісі болды

Саясат
Президенттікке үміткер болған Рахымбаев министрдің кеңесшісі болды

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Рахымовтың өзі "Facebook" парақшасында жазды.

«Бүгін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйырығына сәйкес, мен ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі қызметіне кірістім. Бірінші мақсат – агроөнеркәсіп кешенін дамыту 2030 стратегиясының концепциясын әзірлеу», - делінген жазбада.

Төлеутай Рахымбеков бұған дейін 2007-2009 жж. - " ҚазАгроИнновация "АҚ президенті; 2009 ж. - ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі; 2009 ж. - ТКШ "ҚазОрталығы" АҚ төрағасы»; Қарағанды облысы әкімінің орынбасары; 2011-2013 жж. – "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ төрағасы»;"ТКШ және құрылыс Ұлттық палатасы" ЗТБ басқарма төрағасы»; "Атамекен" ҚР ҰКП Агрокомпаниялар орталығының директоры»; Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі; 2017 жылғы сәуірден шілдеге дейін-ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі; 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехинкалық университетінің "Қаржы" кафедрасының профессоры; 2019 жылдың сәуір айынан бастап «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Бұдан бөлек, Рахымбеков ел есінде 2019 жылы өткен сайлауда президенттікке үміткер ретінде де қалған. Онда ол халықтың 3,04 пайыз дауысын жинап, жеті кандидаттың ішінде төртінші орын алған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу