Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Саясат
Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын» деп хабарлады бүгін akorda.kz сайты.

52 жастағы Қанат Бозымбаев бұған дейін Жамбыл, Павлодар облыстарына әкім болған. Министрліктерді басқарған.

Сондай-ақ, «Мемлекет басшысының Жарлығымен Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды» делінген ресми сайтта. 2014 жылдан бері 7 жыл облыс әкімі қызметін атқарған Амандық Баталовтың 69 жаста екенін ескерсек,  жаңа қызметке жүгірмей  зейнетке шығатын шығар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу