Астана, malim.kz. Мемлекеттің мүддесі бәрінен жоғары деп, туыстарына да құлақ аспаған Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы телеарнаға берген сұхбатында тіпті өзінің құдағиын да қаматып тастағанын айтыпты. Бұл туралы malim.kz тілшісі kaktus.media басылымын сілтеп хабарлайды.
Қырғыз ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев телеарнаға берген сұхбатында, осы қызметке тағайындалған соң туыстары және достарымен қарым-қатынасы өзгергенін жеткізіпті.
«Мен көптеген жақын достарымнан айырылдым. Қазір менің бір құдағиым (жиенімнің енесі) 2020–2023 жылдары жасаған қылмыстары үшін түрмеде, ҰҚМК тергеу изоляторында отыр. Оны босату туралы өтінішпен маған кімдер хабарласпады дейсіз – туған ағам, оның құдасы, сондай-ақ басқа да туыстар сұрады. Бірақ мен ешкімнің араласуына жол бермедім. Ол кісі әлі де қамауда отыр, өйткені заңды жазасын өтеуі керек.
Үлкен ағамның ұлы МАИ қызметкерлерін балағаттады – біз оны да жазаладық. Егер біз олай жасамасақ, басқа туысымыз прокурорға, үшіншісі әкімге тіл тигізуі мүмкін еді. Сөйтіп қоғамда тәртіп емес, берекесіздік орнайтын еді. Мен ағамның ұлын қаматтым, енді оның жақындары мені жек көреді. Бірақ амал не? Мен үшін мемлекеттегі тәртіп бәрінен жоғары», -
депті Ташиев.