Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызыл ту ұстап шыққандар сотталады

Саясат
Қызыл ту ұстап шыққандар сотталады

Украинада 9 мамыр Жеңіс күнінен кейін 17 қылмыстық іс қозғалған.  Сондай-ақ,  22 әкімшілік іс қозғалып хаттама толтырылған. Бұл туралы  Украина ІІМ-нің ресми сайтында жарияланған.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Сергей ЯРОВОЙДЫҢ хабарлауынша, сегізінші мамыр күні 435 шара өтіп, оған  14 мың адам қатысқан. Ал 9 мамырда  729 шараға  62,2 мың адам қатысқан.  

Ұлттық полиция басшысы Игорь КЛИМЕНКО тыйым салынған советтік символикаларды қолданғандар болды дейді. Соған қатысты қырағылық танытқан Одесса, Закарпатья, Львов, Луганск облысының полицияларына ризашылығын білдірді.

«Заң бұзғандарды полиция бірден ұстады. Және бәрін өз бақылауларында болды. 9 мамыр күні 22 әкімшілік хаттама толтырып, 17 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзғандар тыйм салынған коммунистік және нацисттік режимнің символикаларын ұстап көшеге шыққан», - деді Клименко.

Украинада Совет Одағының қызыл туын, елтаңбасын, қоғамдық орындарға қоюға, көшеге ұстап шығуға болмайды. Және георги лентасын тағуға да заң қарсы. Ұсталғандар бес жылға дейін сотталулары мүмкін.

Фото: news.myseldon.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу