Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рамзан Қадыров Түркияда демалыс кезінде суға батып кете жаздады

Әлем
Рамзан Қадыров Түркияда демалыс кезінде суға батып кете жаздады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияның Бодрум қаласында демалыс кезінде суға батып кете жаздады. Бұл туралы 24 шілде күні бірнеше түрік ақпарат құралдары — Haberler, GZT және Kent TV мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оқиға Бодрумдағы Кайнар ауданында орналасқан бес жұлдызды қонақүйдің аумағында, шамамен түскі уақытта болған. Жергілікті Kent TV телеарнасының дерегінше, Қадыров суға түскен сәтте өзін жайсыз сезініп, тұншыға бастаған. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағалауға шығарылғаннан кейін Бодрумдағы Америкалық ауруханаға жеткізілген.

Haberler мәліметінше, қазіргі уақытта Қадыровтың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

25 шілде күні Kent TV телеарнасы ауруханадан шығып бара жатқан Қадыровтың кортежінің фотосуреттерін жариялады. Көліктер қатарында полиция мен жедел жәрдем көліктері де болған.

Шешенстан билігі бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірмеді. Ал Қадыровтың қызы Айшат Қадырова 24 шілде кешке Instagram парақшасына теңіз жағасындағы күн бату сәтінің фотосын жариялады.

 

Фото: Yelena Afonina/Tass/dpa/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу