Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Рютте: Зеленский мырза, Шольцті көп сынамаңыз

Саясат
Рютте: Зеленский мырза, Шольцті көп сынамаңыз

Фото: euronews.com

НАТО бас хатшысы Марк Рютте Украина президенті Владимир Зеленскийге Германия канцлері Олаф Шольцті «Таурус» зымырандарын жеткізуден бас тартқаны үшін сынауды доғаруын өтінді.

Германия Украинаға маңызды қаржылық және әскери қолдау көрсетіп келеді, бірақ Шольц Украинаға осы зымырандарды беруден бас тартты, себебі бұл етсе Ресеймен қатынасы ушығып кетеді деп қорқады. Рютте болса, Украинаға зымырандарды шектеусіз жеткізуді қолдайтынын айтады.

Зеленский Шольцты Владимир Путинмен телефонмен сөйлескені үшін сынап, бұл қадам Ресейді оқшаулауға және әділ бейбітшілік орнатуға бағытталған күш-жігерді әлсіретті деп мәлімдеген. Рютте сондай-ақ АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Еуропалық одақтастарынан қорғаныс шығындарын арттыруға қысым жасайтынын айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу