Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

Спорт •
Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Серік Қонақбаев Forbes Kazakhstan-ның жаңартылған рейтингіне еніп, елдегі ең бай 75 кәсіпкердің ішінде 73-орын иеленді. Басылым оның байлығын 93 миллион доллар деп бағалап отыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Forbes деректері бойынша, Қонақбаев "SSM Oil" ЖШС-нің акционері және "K-Global Invest" ЖШС арқылы аталған компанияның 60% үлесіне иелік етеді. Компанияның негізгі қызметі — Қызылорда облысында көмірсутектерді барлау және өндіру. Әзірге барлық жоба сынақ пайдалану кезеңінде.

Сонымен қатар, Қонақбаевтың "ARK Petroleum" ЖШС-де де үлесі бар, бұл компания 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Шалва кен орнында пайдалы қазбаларды барлау және өндіру туралы келісімшарт жасаған.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу