Шешенстан президенті Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын елдің вице-премьері етіп тағайындады. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Сонымен қатар, Ахмат Қадыров 2024 жылдан бері атқарып келе жатқан дене шынықтыру және спорт министрі лауазымын сақтайды. Бұл туралы ол өз Telegram-каналында жазды.
Шешенстан басшысының басқа да ұлдары басшылық қызметтер атқарған. 2024 жылы Зелимхан Қадыров "Ахмат" жекпе-жек клубын және Шешенстан боксы федерациясын басқарған. 2025 жылы Адам Қадыров республика Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған.
БАҚ есептері бойынша, Рамзан Қадыровтың туыстарының, соның ішінде 14 баласынан жетеуі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген немесе қазіргі уақытта да істеп келеді.