Qazaqstan ұлттық арнасы Ақбота Керімбекованың оқиғасына байланысты мәлімдеме жасады

Әнші  «Жұлдызды жұп» жобасына қатысудан бас тартқан еді

Сабина Асқарқызы

  • 16.09.2024

Qazaqstan ұлттық арнасы «Жұлдызды жұп» жобасына қатысушы танымал әнші Ақбота Керімбековамен болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Qazaqstan» телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларының бірі «Жұлдызды жұп» бағдарламасының түсірілімі қарсаңында қатысушылар орналасатын қонақүй нөмірін алдын ала рәсімдеуде қателік кеткен. Нақтырақ айтқанда, әнші Ақбота Керімбекова келіп түскен қонақүйде оған арналған нөмір бос болмай шыққан. Ұйымдастырушылар тарапынан мәселе шешімі ретінде бірден өзге бірнеше қонақүйден нөмір таңдау ұсынылды, бірақ әнші одан бас тартты, – делінген корпорация таратқан ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама қатысушылары мен олардың репертуарын корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктеп, бекітеді.

«Динара Адам продакшн компанияда жоба кеңесшісі міндетін атқарады. Одан бөлек, бұл жобада 195 маман қызмет етеді. Бағдарлама продюсері арнаның бұған дейінгі «Егіз лебіз», «Дара бала» сияқты жобаларына жетекшілік еткен тәжірибелі маман Сандуғаш Рахымжанова.  «Qazaqstan» телеарнасы мен арна көрермендері Ақбота Керімбекова мен әншінің ұлы Біржан Шалқарды жобадан әрі қарай да көргісі келеді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, танымал әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде ұйымдастырушылар жататын орынды реттеп бермей, далада қалдырғанына және продюсердің дөрекілігіне қатысты үндеу жасаған еді.

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген