Алматыда жер сілкінісі қайталанды

Ол халықты жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.
-Алматыда таңғы 5 шамасында жойқын жер сілкінісі болады деген жалған ақпарат тарап жатыр. Сіздерді сабырлық сақтап, төтенше жағдай департаментінің ресми өкілдерінің ақпаратына сенуге шақырамын. Сейсмология институтының болжамынша, жер сілкінісі қайталанбайды,- деді Атығаев.
Төтенше жағдайлар департаменті адам қазасы мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспеді дейді.
Департамент халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек деген нұсқаулық таратты.
Қазіргі таңда Алматы жұртының жаппай қаладан кетіп жатқан фото-видеолары да тарап жатыр.

Самое читаемое
