АЛЫСТАН НАУҚАСТАР ІЗДЕП КЕЛЕТІН ДӘРІГЕР
АЛЫСТАН НАУҚАСТАР ІЗДЕП КЕЛЕТІН ДӘРІГЕР
Шымкенттік дәрігер Мейіргүл Асылбек – жылына 7 мыңнан астам адамға емдеу жұмыстарын жүргізеді. 15 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек ететін білікті маман. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында сынақ тәжірибесінен өткен.
Қазіргі таңда Шымкент қаласындагы «Mediker» оңалту орталығында бөлім меңгерушісі лауазымында қызмет атқарады. М. Асылбек түрлі жүйке жүйесі ауруларының алдын алу мақсатында қолданатын инструменталды әдістерді жетік меңгерген. Олардың ішінде электронейромиография, инсульт, жарақат салдарынан болған нервтерді емдеуде үздік нәтижелерге жетті.
Сонымен қатар, бейне ЭЭГ, УЗДГ аппараттарымен диагностикалық тексеру әдістерін де меңгерген.
Қазіргі таңда білікті маманды Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз қалаларынан науқастар іздеп келіп, ем қабылдайды.
Мейіргүл Асылбектің алға қойған жоспарлары көп. Алдағы уақытта түрлі жағдайдан инсульт, жарақат салдарынан болған нерв параличі, түрлі бас және жұлын ауруы салдарынан болған парез, паралич алған науқастарды оңалту жұмыстарын қолға алмақ.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.