Ә.Смайылов Алматыға келді

  • 10.03.2023

 

ҚР Примьер-Министр Әлихан Смайлов Алматыға жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында министр Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығы мен оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының құрылысымен, «CHAMPION» жаңа спорт кешенімен танысып қайтты.

Жұқпалы аурулар ғылыми орталығының құрылысын 2023 жылдың аяғында аяқтау жоспарланған. Ол 350 төсек орынға арналып жоспарланған. Орталықта стационар, ғылыми-зерттеу орталығы, зертханалар мен медициналық университеттердің кафедралары сынды зерттеу орталықтары орналасады.

Әлемде жыл сайын 2 миллиард адам жұқпалы аурулармен ауырып және олардың 50 миллионнан астамы қайтыс болады. Осы орайда құрылысы басталған жаңа орталықта жұқпалы аурулар мен пульмонология, сонымен қатар фтизиатрия саласында көмектер көрсетіліп, мамандар даярланатын болады. Озық медициналық технологияларды қолданып, дәрілік препараттар сыналады. Бұдан басқа жаңа нысан базасында республикадағы эпидемиологиялық ахуалды бақылау үшін ахуалдық орталық ашу жоспарлануда.

Әлихан Смайловтың айтуынша, орталықтың ашылуы жұқпалы аурулардан оның ішінде туберкулезден ғана емес жалпы денсаулыққа аса қауіпті саналатын аурулардан болатын өлім-жітімді тежеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Алматы әкімдігі салынып жатқан нысанды ерекше бақылауда ұстау керектігін де атап өтті.

2030 жылға дейінгі жоспар бойынша қолданыстағы 25 көп салалы және мамандандырылған стационардың инфрақұрылымы жаңартылып отыратын болады. Сонымен қатар көп салалы стационар базасында арнайы орталық құру және басқа да жұмыстарды атқару жоспарланып отыр.

Премьер-министр одан бөлек тағы да салынып жатқан кешенді құрылыс орындарына да барды. Құрылыс жұмысы басталып, салынып жатқан Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды. Мұнда 18 жасқа дейінгі оқушылар мен жасөспірім балалар қосымша білім алады. Орталықта балалар музыка, шығармашылық, тіл, спорт сонымен қатар ғылым мен техниканы да үйреніп, өздерін түрлі қырларынан сан түрлі бағыт бойынша дамытуға мүмкіндіктер алады.

Айта кетейік, орталықта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жұмыс істейтін болады.

Одан кейін Әлихан Смайлов қайырымдылық бастамасымен салынып жатқан спорт  кешені «CHAMPION» орталығына барды. Спорт кешені күніне 700-ге жуық адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Ол жерде бассейн, 5 фитнес аймақ, кафе, ойын мен спорт залдары бар. Жоба барлық азаматтарға арналған, сондай-ақ, әртүрлі форматтағы сайыстарды өткізуге, әлеуметтік осал топтағы балалар үшін спортпен шұғылдануға мүмкіндіктер береді.

Үкімет асшысы дәл осындай жоспардағы әлеуметтік нысандарға, жобаларға инвестициялар тарту маңызды екенін де айтып өтті. Себебі осындай жобалар Алматыны салауатты өмір салтын қолдайтын қала ретінде танытуға, нығайтуға үлкен үлес қосары анық.

«Жылдан жылға спортпен айналысатын адамдар көбеюде. Оның ішінде Алматылық тұрғындар да дене шынықтырумен айналысқанды жақсы көреді. Осы үрдісті қолдап, жалғастыру керек. Әкімдіктер, әсіресе ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға басты назарды аудару керек. Олар үшін салынып жатқан сауықтыру кешендерінде, спортпен айналысу мен оңалту жұмыстары үшін барлық керекті жағдай жасалуға тиіс», - деді премьер-министр Әлихан Смайлов.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.