Асқар Мамин: Қазақстанда жылына 20 мың KIA шығады

Malim Админ

  • 27.03.2021

Қостанайға сапарлап барған премьер-министрі Асқар Мамин «СарыарқаАвтоПром» зауытына бас сұғып,  KIA көлігінің өндірістік желісінің ашылуына қатысты. Жаңа жоба елдегі индустриялық-инновациялық дамуды ілгерлетіп, өңірдің өркендеуіне ғана емес, жалпы отандық автокөлік өндірісіне тың серпін береріне премьер-министр сеніммен қарап отыр.  Жоба бойынша жылына 20 мың KIA автомобильдерін шығарылмақ. Өнімді оқшаулау деңгейі шанақтарды дәнекерлеу және бояу операцияларын қоса алғанда, ұсақ торапты өндіріс технологияларын қолдану арқылы 50 пайызға дейін артпақ.

Автомобиль жасау Қазақстанның индустриялық дамуының стратегиялық маңызды бағыттарының бірі және ол жыл сайын оң динамиканы көрсетіп келе жатыр», – деді А. Мамин. Премьер-министрдің бұл сөзін ресми статистика растайды.

Мәселен, Қазақстанда сатып алынған үш көліктің екеуі қазірде  отандық көлік боп тұр. Елде бір жылда 75 мың көлік  (автомобильдер, жүк көліктері, автобустар, арнайы техникалар) шығарылған. Машина жасау саласындағы автомобиль шығару секторының үлесі 2019 жылғы 26,3 пайыз болса, 2020 жылы 33,4 пайызға жеткен.

Ал жақын шетелдерге 8 122 автомобиль экспортталған.  Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 3 есе көп. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстанда Қазақстанда шығарылған Hyundai, Chevrolet және JAC брендтеріне сұраныс жоғары екен.

Премьер-министр Асқар Маминнің осы статистикаға сеніп отырғаны түсінікті. Сол себепті, автомобиль жасау Қазақстанның индустриялық дамуының стратегиялық маңызды бағыттарының бірі деп отыр. Сонымен қатар, премьер-министр «KamLitKZ» шойын құймасын өндіру зауытының құрылысымен танысты. Бұл зауыттың құрылысы бірінші кезеңі 2021 жылдың қазан айында, екінші және үшінші кезеңдері 2023 жылы аяқталуы тиіс. Жобаның құны 80 млрд теңге. Зауыт іске қосылғанда 300 жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Жобалық қуатына қол жеткізген соң өндірісте  К5 жаңа буынның жүк көліктеріне арналған жетек картерлері, цилиндр блоктары мен қозғалтқыш цилиндрі блоктарының бастиектері шығарылып, жалпы көлемі жылына 40 мың тоннадан астам шойын құймасын құралмақ.

Қостанай өңірі сапарында премьер-министр «КАМАЗ», «Татнефть», «АвтоВАЗ» және «KIA Motors» компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша А. Маминнің қатысуымен автомобиль жасауда бірлескен жобаларды іске асыру бойынша 9 құжатқа, оның ішінде өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерге, инвестициялық келісімдерге және арнайы инвестициялық келісімшарттарға қол қойылды.

Байланысты жаналықтар

Утильалым – отандық өндірістің дамуына ықпал ететін маңызды құрал - сарапшы

29.05.2024

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

13.10.2021

Нәтижесіз сот, қираған үй, өтемақысыз халық

18.05.2021

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

02.04.2021

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды

31.03.2021
MalimBlocks
Утильалым – отандық өндірістің дамуына ықпал ететін маңызды құрал - сарапшы

Аналитика және экономика саласындағы сарапшы Қанат Оспанов еліміздегі утильалымға қатысты пікір білдірді

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

Ал «цифрландыруға бөлінген ақшаның тиімсіз жұмсалғаны үшін кім жауапты?» деген сұрақ елеусіз қалған сияқты.

Нәтижесіз сот, қираған үй, өтемақысыз халық

Мамин Сапарбаевтың інісін жаңа қызметке тағайындады

Патронсыз Қазақстан: 28 миллиардтық зауыт сатылатын болды