Астанада биыл бір миллион ағаш пен бұта отырғызылады

Malim Админ

  • 09.04.2023

Астанада жасыл аумақтардың қатары артады! Биыл елордада миллион жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызу жоспарланып отыр. Оның 500 мыңы қалада, тағы осындай мөлшері Астананың жасыл белдеуіне отырғызылады. Жапырақты ағаштарға басымдық беріледі.

Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы бес жыл ішінде Астананы бақша қаласына айналдыруды, көпжылдық өсімдіктерді көбірек отырғызуды тапсырды. Қалада көктемгі ағаш отырғызу және «Жасыл Астана» экологиялық айлығы басталды.

Осылайша Абылай хан даңғылы, Қажымұқан, Петров, Болекпаев, А-105, Балталы, Алаш тас жолы және т.б. көшелерінің бойында ағаштар отырғызылды.

Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартуға, қала тұрғындары үшін демалыс орындарын ашуға, елорданың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Соңғы бес жылда Астанада 2,6 миллионнан астам жасыл желек отырғызылды.

Сонымен қатар, «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының күшімен полигонға 555 тоннадан астам қалдық шығарылды. Саябақтар мен скверлерде жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден астам аумақ жиналды. «Жасыл Астана» экологиялық айлыққа 11 мыңнан астам адам, 200-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдар, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері және т.б. қатысты.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.