Астанада мыңнан астам түлек ЖОО-да тегін оқуға сертификат алды

Астанада халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан мектеп түлектеріне елорданың жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқу ақысын төлеуге арналған сертификаттар табыс етілді.

  • 07.09.2023

Бұл хабарды қала әкімдігінің ресми сайты таратты.

Елорда әкімдігі Астананың кез-келген ЖОО-да жеке және мемлекеттік деңгейде тегін оқи алатын мектеп түлектеріне мыңнан астам грант бөледі.

Қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанына ақы төлеуге сертификаттар Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің биылғы түлектеріне беріледі:

- жетім балалар,
- балалар үйінің түлектері,
- бала кезінен мүгедектер,
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
- көпбалалы отбасылардан шыққан балалар – жан басына шаққандағы орташа табысы төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын ақшалай төлемдер түрінде – 213 240 теңге.

Биылғы оқу жылында оқуды 30 студент аяқтады, оның 29-ы дипломын алса, 1-еуі(республикалық грантқа көшті.
2008 жылдан бастап барлығы 359 студент тіркелген маман болды.

«Дәлірек айтсақ бүгінгі таңда 359 маман шығарылды. Жыл сайын бұл бағытқа қаражат қарастырылады. 150-ден астам адам оқып жатыр. Түлектеріміздің бәрі, яғни 359-ының ішінде 320 адам жұмысқа орналастырылды», - деді елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.а Ерлан Жүсіпов.

Азаматтардың жекелеген санаттарының түлектері (оның ішінде оқуын жалғастырушылар) 2023-2024 оқу жылына бекітілген мамандықтар тізбесіне сәйкес басым мамандықтар – медициналық, педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша оқиды.

«Бұл маған берілген оқу мүмкіндігі, ал ата-анам үлкен жеңілдік болмақ. Бұл біздің отбасымыз үшін өте маңызды. Сапалы білім алып, көкжиегімді кеңейтіп, білікті маман боламын деп ойлаймын», - деп атап өтті грант иегері Ләззат Темірболатова.

Бұл жолы грант сертификаттары 19 мектеп түлегіне мынадай мамандықтар бойынша берілді: дизайн, ақпараттық жүйелер, қазақ тілі мен әдебиеті, көліктік логистика, жалпы медицина, психология.

Байланысты жаналықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

14.08.2024

Магистратура тестілеуінің қорытындылары жарияланды

10.08.2024

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2024

Грант конкурсының нәтижесін қайдан көруге болады

02.08.2024

Талапкерлерден грантқа құжат қабылдау басталды

13.07.2024

"79 мың грант". Конкурсқа қатысуға өтініштер шілдеде қабылданады

12.07.2024
MalimBlocks
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДА

2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатуды және білікті мамандарды даярлауға баса назар аударуды тапсырды.

Магистратура тестілеуінің қорытындылары жарияланды

Биыл 39 мыңнан астам тест тапсырған

Елімізде бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды

Тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданған

Грант конкурсының нәтижесін қайдан көруге болады

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. 

Талапкерлерден грантқа құжат қабылдау басталды

Биылғы оқу жылына 79 грант бөлінген

"79 мың грант". Конкурсқа қатысуға өтініштер шілдеде қабылданады

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр